Жаңалықтаржоғары

Төреғалидің бұрынғы продюсері әншінің бар былығын жайып салды.

Ұлы дала баласының» дауы әлі басылар емес. Әншінің бұрынғы продюсері Жан Мұқанов Telegram желісіндегі парақшасында Төреғалидың бар былығын жайып салды. Продюсер әнші мен әкесінің өзін балағаттап, бар еңбегін зая кетіргенін жеткізді деп хабарлайды Nur.kz

«Бұл жазбаны «жығылғанға жұдырық» болу үшін жазып отырған жоқпын. Кішкентай бала емес, көтеріп кетеді.

Біз басынан-ақ «үйдегіні түзге жаймау туралы келіскенбіз. Алайда соңғы естіген қаңқу сөздер мен ортақ танысымызбен арада болған әңгімені естіп, ол бұл шартты орындап жүрмегенін түсіндім. Ол маған, өзінің «бауырына» үндемеген сайын күйе жағып жатқанын түсіндім. Алайда оныкі дұрыс емес!

Мен сезімге берілмей, барлығын барынша жұмсартып түсіндіруге тырысамын.

Төреғалимен «Жігіттер» тобының концерті кезінде таныстым. Оны ол кезде ешкім танымайтын. Ол қарапайым, өте сыпайы, мәдениетті әрі иманды адам еді!

Маған Республика сарайындағы алғашқы концертін ұйымдастыру, идеясы, концептісін жасау туралы ұсыныс түсті. Мен көп ойланбастан, келісімімді бердім. Қазір, Шымкенттегі «Риксос» қонақүйінде отырып, барлығы осы қалада, осы қонақүйде басталғанын есіме алып отырмын», — деген онымен арадағы қарым-қатынасты толықтай үзетінін айтты.

«Концертті алғаш рет «Ұлы дала баласы» деп атауды да ұсынған менмін. Оның әкесі қарсы болды, ел дұрыс түсінбей қалады-ау деген ойда болды. Алайда мен қоймадым. Содан бері оның концерттерінің барлығы осылай аталып кетті.

Оның алғашқы жеке концерті керемет өтті. Одан кейін көптеген мега жобалар, оның стилі, имиджімен істелген, қыруар жұмыс өз мақсатына жетті. Мен бұл әртіспен шын мәнінде мақтандым. Екі жыл ішінде қарапайым, ешкімге белгісіз жігіттен ол ең танымал әншіге айналды. Гонорары да тиісінше өсті. Бастапқыда ол $200-500сұраса, бір жылдан соң 8000 АҚШ долларына тең болды. Ол жұлдызға айналды. Керемет табыс тауып, күннен күнге дәуірлей түсті. Оның бір дәлелі ретінде инстаграмдағы 2 млн қолданушыларды атауға болады», — деп жазды ол.

Ол осы уақытқа дейінгі жобаларына дәл Төреғалиға жұмсағандай күш жұмсамағанын айтты.

«Оған жасаған жақсылығымды бұған дейін ешкімге жасамаған сияқтымын. Шынымды айтайын, ол адамгершілігін жоғалтып алса да, өте таланттыӨзінің «қасықтап жинаған абыройын шелектеп төккені», менің командамның, жеке менің бар еңбегімді аяққа таптағаны өте өкінішті. Өкінішті»,- деді Жан.

2017 жылдың қазан айындағы «Ай-хай 25» атты әншінің бес күндік концертінде оның өнердегі ағаларын ренжітіп, билеттер үшін бас қатырмағанын да продюсер жайып салды.

«Иә, Төреғалидің барлық 5 концертін де мен өз есебімнен жасадым. Бұл шындық. Мұндай көп концерт ұйымдастыру туралы да мен айттым. Оның есімі тарихта қалғаны мен үшін маңызды еді. Ойлағанымдай-ақ болды.

Оның әкесінің мінезін елдің барлығы біледі. Осы жылдар ішінде мен тіпті елден де көп білемін. Сондықтан басынан-ақ оның ешбір концертке араласпайды деп келістік. Қонақ ретінде келіп, қонақ ретінде кететін. Бес күн бойы біз 15 000 билет сатуымыз керек болған, алайда 3 500 әлде 4 000-дай билетті ғана саттық. Мен қандай қыруар ақша жоғалтатынымды түсіндім. Үлкен сомадағы қаражат. Оның ақшасы болған жоқ. Ал мен бар ақшамды жобаға салып тастаған едім. Өте ауқымды сома болғандықтан, мен ірі көлемде қарыз алуға мәжбүр болдым. Сондықтан Төреғалиден осы ақшаны қайтару үшін 10-15 рет тегін өнер көрсетіп беруін сұрадым. Себебі, қазір ең маңыздысы концерт болып тұр дедім мен. Ал ол: «Жоқ, Жан бұл сенің проблемаң. Концерттен соң тегін жұмыс істемеймін. Егер билеттер сатылмаса, онда сен тиісінше жұмыс істеп жатқан жоқсың, дұрыс жарнама жасамағансың. Менің бұған қатысым жоқ», — деп жауап берді.

Осылайша, Төреғалиден мұндай жауап күтпеген Жан қатты таңғалғанын жазды.

«Бұған дейін менімен ол бұлай сөйлеспеген. Бұл қалай? деп таңғалдым. Сен үшін көп нәрсе істедім ғой. Өзіңді кіммін деп тұрсың деп ойладым», — деген продюсер бұл іске әншінің әкесінің де қатысы бар екенін жеткізді.

«Бұдан кейін мен билеттердің ақшасын қайтаруды талап еттім. Себебі, оның әкесі 1500 билетті алып кеткен болатын. Ал егер концерт менің проблемам болса, онда оның ақшасы да менікі деп ойладым мен. Ақша мүлдем жетпей кетті. Ұзынқұлақтан оның әкесінің билеттерді жарты ақшасына сатып жатқанын естідім. Сондықтан да басқа билеттер өтпей жатқан болуы керек.

Бұл сәтте ешкімге сенуге болмайтын еді. Алайда ол ақша тауып бере алмайтынын айтты», — деді продюсер.

Концерттен кейін, Төреғалидің ел күткен жаңалығы — үйлену тойы болғаны белгілі. Бұл тұста, Жан тойда орын алған түрлі жайттарды да жайып салды. Оның сөзіне сенсек, тойдағышығындардың көп бөлігін продюсер өз қалтасынан төлеген.

Төреғали Төреәлі үйлену той. Фото: Интернет желісінен

Төреғали Төреәлі үйлену той. Фото: Интернет желісінен

«Түйінді жалғыз шешуім керек екенін түсіндім. Мұның бәрі оның концертінің ортасында орын алғандықтан, артқа қайтар жол болмады. Абырой маңыздырақ»,-деп жазды Жан Мұқанов.

Оның айтуынша, ел алдында масқара болмас үшін, шегінуге жол жоқ еді. Сондай-ақ продюсер, Төреғалидің концертке дайындық кезінде де көрсеткен түрлі қылықтары туралы айтты. Оның айтуынша, әнші өзінің сахнадағы ағаларын да қатты ренжіткен. Ал Республика сарайы оны қара тізімге қоспақшы болған екен.

«Концерт кезіндегі оқиғалар, дайындық, неге 40 минут қонақтарды күттірдік, ол сахнадағы үлкен ағаларын не үшін ренжітті және неліктен Республика сарайы оны қара тізімге жібермекші болғанын жазудың қажеті жоқ. Лас. Соңында кешті үлкен «аншлагпен» өткіздік.

«Тойға келетін болсақ, басында келіскеніміздей мен декор, жарық пен дауысқа, шақыру билеттері, жастардың киімі мен неке сақинасы, біздің Дубайға бірге баратын сапарымызға жауапты болдым. Шетелде біз жұбайына арналған «Толқыным» әніне бейнебаян түсіру керек едік.

Соңында мен онымен ешқайда ұшпайтын болып шешім қабылдадым, ал турагенттік болса онымен тікелей жұмыс істегісі келмеймінін жеткізді. Осылайша сапарымыз жүзеге аспады. Бірақ басқа келісілген істер орындалды.

Мен ақымақ оған бәрін сатып алдым: неке жүзігінен бастап, барлық концерттік костюмдеріне дейін. Иә, ақымақ болсаң осы… Қазір осының бәріне ақылмен қарасам, мен қалайша осындай жағдайға жеткенімді түсінбеймін? Құдды соқыр болғандай. Неге оған: «қайда барсаң, сонда бар» демедім?», — деп күйінді Мұқанов.

Жанның сөзінше, әншінің үйлену тойын жасау туралы ұсынысты бірінші болып өзі жасаған. Той-пиар жасау үшін өте оңтайлы сәт болған.

«Айтпақшы, үйлену тойын жасауды да ойлап шығарған менмін, ол бұл туралы қиялдауды да қойған. Бұл мен пайдаланбай қалуым мүмкін емес жақсы пиар жол болған. Бірақ үйлену той күні менде жарық пен дауысқа қолма-қол ақша болмағандықтан, әкесінен билеттің ақшаларын қайтаруды сұрадым. Ол болса мені балағаттап тастады. Мұндай әрекетке менің туған әкем де барған емес, сол себепті мен тұтқаны тастай салдым.

Төреғали келді, мен оған жағдайды түсіндірген едім, одан да «лайықты» жауап алдым: Жан, бұл менің проблемам емес, мен той үшін уайымдап жүрмін, қазір уақытым жоқ... Не үшін уайымдағанын ашып айтпады. Концерті өтіп кеткен соң, оған бәрібір болды.

Нәтижесінде мен қарғыс атқан жарық пен лэдті, дауысты тапсырыс беріп, алдырдым. Әйтпегенде үйлену той болмайтын еді. Осыдан кейін той басталмай тұрып, мен қайтып кеттім. Әрине, мен оның ең құрметті қонақтарының бірі болуым керек еді, мен солай ойлағанмын.

Бірақ дәл сол сәтте мен рухани тұрғыдан сынып кеткендіктен, мұның бәрін көріп, ести алмадым. Оның үстіне күліп тұру мүмкін емес еді»,- деді Жан.

Сондай-ақ ол Төреғалидың хитке айналған әндерінің сөзі мен әнінің авторлары, әншінің жақын достарын аяйтынын жеткізді. Айтуынша, олар осыншалық еңбектері үшін болмашы тиын-тебен алады.

Әншінің хит әндерінің авторлары. Фото: Интернет желісінен

Әншінің хит әндерінің авторлары. Фото: Интернет желісінен

«Қайнар Алагөзов, Құрал Молжанов пен Аян Сейітовті аяймын! Тамаша, талантты жігіттер! Өкінішке орай, соған тәуелді. Интеллектуалды және мінсіз жұмыстары үшін тиын-тебен алады, бірақ оның барлық әндерінің авторлары. Сол себепті олар ешқашан аяқтарынан тұрмайды, соған лайық болса да!

 

Әрине бұл компанияның арасында не болып жатқанынан хабарым бар, бос уақыттарын қалай өткізетіндерін де білемін. Бұл қоғам үшін маңызды емес, өздері үшін маңызды. Нәтижесінде бәрін осы құрдымға кетіреді!», — деді өнерпаздарға не кедергі болып жүргенін ашып жазбаған продюсер.

Жан Мұқанов Төреәлілер отбасына өкпесі басылғанын және олармен қанша ақша төлесе де енді ешқашан жұмыс істегісі келмейтінін мәлімдеді.

«Бүгінгі таңда мен есімді жидым және шағым жасамай, алға қарай жылжу керек екенін түсінемін. Бірақ өзім үшін онымен қандай ақшаға болсын жұмыс істемеймін деп шештім.

Өкпем тарқады, мұның бәрі оның допингтерінің кесірінен, допингтер оны құртып тынады. Ол олардан алыстамайынша, нәтиже болмайды.

Кеше күндіз маған Тома хабарласты (Тамара Асар): «Кинотеатрға баршы, онда «Величайший шоумен» атты фильм жүріп жатыр, сен соған ұқсайсың!», — деді. Мен бардым. Шындығында мен сол шоуменге сәлде болса ұқсаймын.

Ол да өзінің басты қызметін ысырып қойып, нәтижесінде өзін лақтырып кеткен әншінің талантымен айналысады. Ол отбасынан айырыла жаздап, сүйікті үйі мен адал командасына оралады. Міне»,-дейді продюсер.

Сөз соңында Жан Мұқанов Төреғалидың болашақта өз қателігін түсініп, есін жиятынына сенімді екенін айтты.

«Мен оның барлық нәрсені қалпына келтіріп, есін жиятынына үміттенемін! Көп күш, жүйке мен қыруар ақша, ұйқысыз түндер кетті. Есіңді жи, Төреғали! Қызықтың бәрі алда! Сен небәрі 25 жастасың»,- деп аяқтады жазбасын Мұқанов.

Дереккөз: Nur.kz

 

Кілтсөздер
Show More

Ұқсас жарияланымдар

9 пікір

  1. Төреғали тіпті жиіркенішті болып кетті мына әңгімеден кейін. Бастысы ұмытпаған жөн,өмір-бумеранг. Алланың және xалықтың алдында сен ешкім емессің. Тәкаппарлықты Алла сүймейді. Осы ойнағаныңда жетер!

  2. Бул создер пиар емес, таза шындык болуы абден мумкин. Ал, шындык ар кашан да ашылады.

  3. Жан Мұқанов еш қапаланбаңыз.Шығын болған қаражатты тәжірбеге,тренингкке төледім деп есептеңіз.Байқағаным өнер саласында алаяқтар өте көп.Оны кезінде осы салаға сәл болса қатысым болғаннан жазып отырмын.Уақыт барлығын өз орнына қояды.Орыста мақал барғой «Рождённый ползать летать не сможет».Ал сіз оданда мықты болдыңыз бұл оқиғадан кейін Жан мырза!

  4. Жан Мукановтың Төреғалидан басқа да жұмыстарын көріп жүрміз, өте еңбекқор, креативті кісі. Барлық шындықты жазыпты. Әрине, Жан Төреғалисыз-ақ басқа да қызықты жұмыстарын жасай береді. Ал Төреғалидың жағдайы қиын болып тұр…

  5. Торегали дым кормеген сиякты, бирден аспанга ушып, жерди танымай калды. Ол даже айелин менсинбейтин сиякты гой. Акесинин тури анау болса, баласы кайда барад? Алланын кози тура гой аркашанда, арамдык алга баспайды!

  6. Қанша танымал қанша бай болсада тәкаппар болмай, қарапайым күйінде қалған Қайрат Нуртас расыменде нағыз ер жігіт екен, торегалиден 1000 есе артық. Торегали шамалы атақ жинап еді масайып ешкімді менсынбей кетті, өте тәкаппар, жиеркенышты адам екен өзі.

  7. Торегали арбирден сон сол халыктын аркасында котерилип тур.Халыкты силау керек. Бари халыктын аркасы.

  8. Өте дұрыс.Қарапайымдылықты жоғалтпау керек.Қайратты қарашы басынан қалай алі солай.кай уакытта болсада жузинен жақсы адам адамгершілі бар екені көрініп турады.Қайраттан үлгі ал Торегали.ол сенен бұрын аты шыққан.Қайратпен мақтанамыз

  9. торегали, бос кокректи котерме бирак кунде барлык абирдан айрылдын сен временный звезда болдын да оштин!!!Минезинди корсетпеу керек еди курып кеткенде кырык жаска дейн атакты Нусипжан агамызды караш бирталай жаска келгенше озин калай карапайым устайды даусы кандай, уни кандай ширкин аныз адам гой ол киси саган жету кайда журналистермен урсып сиыспай журесин сениказр тындагымыз кемейди даже! букил жан уямызбен

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.

Back to top button
Close