Басты жаңалықтарЖаңалықтаржоғары

Жүгінісовтер отбасына келін түсті

Биылғы жыл нағыз той жылы, той жылы емес «келінді» жыл дегеніміз дұрысырақ болар. Төреш пен Қайрош, Ернар ағаларынан кейін эстафетаны, отбасымен бірінен-бірі өткен өнерлі Жүгінісовтердің тұңғышы, биылғы «Новая волна 2017» байқауында Қазақстанның намысын қорғаған, «Ағайынды Жүгінісовтердің» мүшесі — Рүстем Жүгінісов алды.  Айжан есімді қызбен шаңырақ көтеріп жатқан Рүстемнің бүгінгі тойына барлық өнердегі әріптестері мен арнайы Алматыдан әрі достары Кешьюліктер де ат терлетіп Астанамызға келіп қалды. Бір қызығы, Рүстемнің күйеу жолдасы «Қазақстан дауысы», әнші — Бауыржан Ретбаев. Анасы — Айнұр Жүгінісованың қуанышында шек жоқ, төрт ұлды тәрбиелеп, жаңа «ене» деген статусқа ие болған актрисаның өнердегі , өмірдегі құрбылары — Қарақат, Анар Көкеева, Маржан Арапбаева, Тамара Асар сыңды өнер саңлақтары да қазір бірге қуанышын бөлісуде.

Show More

Ұқсас жарияланымдар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.

Back to top button
Close