Ерке Есмахан өзінен 10 жас кіші әншімен көңіл қосты. Той қашан болады?
Қайда, қайда деп сүйгенін іздеген Ерке Есмахан ақыры өз махаббатын тапқан секілді. Жалғызбасты ананың таңдауы «Самая вышка» — деп ән салған 22 жастағы Райымға түскен.
Бұл туралы «Ел аузында» бағдарламасында айтылды деп жазады «Жұлдыздар әлемі» порталы.
Өсек тыңдау ұят па? Біз айтамыз, тыңдау-тыңдамауды – өзіңіз шешерсіз. Бұл қауесет – Райым мен Артурға қатысты. Қалай ойлайсыздар, олардың клипі неге сәукеле, келіншек, аялуы жар турасында?
Өйткені, жақында, осы жігіттердің бірі ерке құсын алақанына қондыруы мүмкін. Иә, иә, Ерке құсын.
Ұзынқұлақтың айтуынша, Райым – миллионер қыздың жүрегін жаулаған.
Рас па, өтірік пе, әлде еріккендердің өсегі ме, ол жағы бізге беймәлім. Ел аузында жүрген сыбыс болған соң, айтылды!