жоғарыКино & ТеатрСұхбаттар

Әзербайжан кинопродюсерлері: «Біздің елде 10-ақ кинотеатр бар»

Біраз елде рейтингі жоғары болған, өз елінде 2015 жылы «ең үздік атанған» әзербайжандық “Хохан” фильмі Қазақстанда да көрсетілетін болады. Осы мақсатта елімізге келген фильмнің продюсерлері  Орхан Мердан және Заур Мирзазаде мырзалар «Жұлдыздар әлемі» порталына сұхбат берген болатын. Құрметті меймандар Әзербайжандағы кино саласы туралы және қазақ киноиндустрия туралы өз ойларымен бөліседі. 

– Құрметті Орхан Мерхан және Заур Мирзазаде, Қазақстанға қош келдіңіздер! Қателеспесем біздің елге “Хохан” атты фильмдеріңізді көрсету үшін келдіңіздер ғой?

– Иә, дұрыс айтасыз, сіздердің елдеріңізге Әзірбайжанда 2015 жылы ең үздік» деп танылған “Хохан” фильмін алып келдік. Комедиялық фильм “Хохан” яғни «жын» деген сөз. Байлардың бір үйінде жын кіріп кетеді. Фильм сол туралы өрбиді және  әрі қорқынышты, әрі күлкілі болады. Қазақстанда наурыздың аяғында қазақ тілінде Қазақстанның барлық кинотеатрларынан көрсетіледі деп жоспарлануда.

IMG_9252

– Әзірбайжан елінің киноиндустриясы мен Қазақстанның киноиндустрисының айырмашылығы қандай? Сіздердің елдеріңізде кино әлемі қаншалықты дамыған?

– Біздің елде кино енді-енді дамып келе жатыр. Біздің елде кинотеатр алғаш рет 2010 жылы ашылды, қазіргі таңда небары 10 кинотеатр ғана бар. Ал сіздердің елдеріңізде кино саласы алға кеткен. Бүкіл әлем қазақтарды домбыра, қобыз немесе ет арқылы білсе, ал біздерді шетелде көп тани бермейді. Сондықтан елімізді таныту мақсатында жұмыс істеп жатырмыз.

Айырмашылығы десек, мысалы біз киноға түскен актерға қаржысын кино түсіріліп біткеннен кейін, кинотеатрдан түскен пайызды ғана береміз. Ал оған дейін барлық актерлер тегін жұмыс жасайды. Түркия елінде де солай. Ал сіздерде актерлерге түсірілім біткеннен кейін бірден төленеді екен.

IMG_7885

– Осында 4-5 жыл бұрын біздің елде Түркия мен Корея елдерінің фильмдері танымал еді, қазіргі тілмен айтқанда хит болатын. Ал қазір көрермендерді өзіміздің отандық фильмдер көбірек қызықтырады. Сіздің елде отандық фильмдерді көбірек көре ме?

– Біздің Әзербайжан халқы киноға көп бармайды. Бізде тіпті казино, букмекер дегендер де жоқ. Заңсыз жасайтындар бар шығар. Бірақ заңды түрде тыйым салынған. Әзербайжандар негізінен шахмат, шашкі ойнап, шай ішіп отырғанды жақсы көреді. Әрине фильмдерді де көріп тұрады. Десе де, анау айтқандай көп емес. Біртіндеп болса да, елде отандық фильмдерге көбірек көңіл бөлініп келе жатыр. Негізі қазақ, әзербайжан, өзбек фильмдері халықты өздерінің салт-дәстүрімен, менталитетімен ғана қызықтыра алады. Сондықтан соған көбірек мән беру керек деп есептеймін.

– Қазақстан мен Әзербайжан елі бірігіп кино түсіріп қалуы мүмкін бе?

– Иә, әрине мүмкін. Қазақфильм киностудиясымен келіссөздер жүргізіліп жатыр. Бірақ ол жағы құпия болып қалсын. Бірге түсіріп жатсақ, міндетті түрде бірінші “Жұлдыздар Әлеміне” хабарлайтын боламыз.

– Көп рахмет, ойлағандарыңыз іске ассын!

Сұхбаттасқан: Ғалымжан Сәңкібаев

Кілтсөздер
Show More

Ұқсас жарияланымдар

Back to top button
Close