Жаңалықтаржоғары
«Әлем Қазақ аруы-2018» байқауының жеңімпазы белгілі болды
«Әлем Қазақ аруы-2018» байқауының жеңімпазы белгілі болды. Бұл жолы тәжге Маңғаз Маңғыстаудың аруы Набира Рақымжанқызы ие болды. Бұл туралы Жұлдыздар әлемі хабарлайды.
Жыл сайын елорда да өтетін байқау биыл оңтүстік астанада өтіп, әлемдегі ең үздік қазақ қыздары анықталды. Бас жүлдеге Маңғыстаулық Набира ие болса, бірінші орынды Қарағандылық Ақбота Бақытқали қанжығасына байлады. Ал екінші орынға ие болған Шымкенттің намысын қорғаған Ақмарал Айтбаева, үшінші орынға Ресейден келген Самал Мурадияева ие болды.
Бұл байқаудан шыққан Гүлназ Жоланова, Альмира Ахатова, Камшат Қоскелова, Айғаным Өтепбергенова, Ләззат Қалдыбекова сынды арулар көпшілікке белгілі арулар.