Жаңалықтаржоғары

Гүлжанат Пірімбетова: Өзін «жұлдыз» санайтын жүргізуші қонақты эфирден кейін оттап шығарып салғанын көргенде аузым ашылып қалды.

«Қазақстан» ұлттық арнасында тікелей эфирде көрсетілетін «Бақытты әйел» бағдарламасында қызмет атқарған редактор Гүлжанат Пірімбетова бағдарлама жүргізушілерінің былығын ашты.

Журналист бағдарлама жүргізушілері жайлы пікірін инстаграм желісіндегі парақшасына жазды.

«Осы студия мен арқасындағы бет əрлеу бөлмесі, жоғарыдағы режиссер бастаған топ отыратын мониторға толы кабинет мына менің көзімді «ашты». Эфирде əдемі, əдепті, сұлу, бақытты, білімді, тартымды, құдай-ау инабатты, адам баласын сүйетін жандарды көрсеттік. ( ол кісілер əлі сол рольде) Негізінде, сол маскалардың астында жоғарыда айтылған мақтаудың керісі, тіпті жиіркенішті сөздермен суреттеуге лайықтылары бар.((( Өте өкінішті. Осыған дейін де телеарналарда талай жұмыс істедім, мынадай сорақылықты көрмеппін. Сол эфирді тамашалайтын қарапайым сенгіш халықты аяп отырмын. Уақыты мен санасын өз қолымен «ұрыларға» ұстатқан аңқау халыққа жаным ашып отыр. Бірақ енді, түріктің отбасылық телехикаясынан тəуір жағдай). Өзге мемлекетке тарайтын жалғыз арнада не көрсетіліп жатқаны ешкімді алаңдатпайтын сияқты. Қазақша білмейтін, білсе де шала, жүйелі ойлай алмайтын, құлағына айтылған сұрақты дұрыс жеткізе алмайтын жүргізушіге кемшілігін айтып, түзелуді ұсынсаң соңында өзің кінəлі болып қаласың). Тамыр- танысты қосқан істі де таза, ұятпен істеуге болатын шығар ?Ереже мен тәртіп бойынша тек мақтау керек екен. Себебі, жоба жетекшісі де жүргізуші.) Эфирде сенсіреп, тұтығып жарты сөзін жеп қоятын, пысылдап отырған жүргізушіге «мұның ұят» десе тағы айтқан адам кінәлі. Жауап: «есесіне мен табиғимын». Режиссер Болат Атабаев бір жағдайға орай студентінің осындай жауабына «Табиғилық сəн болса мәдениет қайда қалады ? Онда бəріміз бір — бірімізге қарап отырып үлкен дəрет сындырайық, ол негізгі табиғи жағдай» деген еді) Əріп айта алмау кемшілік емес дегенге қарапайым халық тұрмақ, үлкен арна басшылары да сеніп қалған сыңайлы. Өзін «жұлдыз» сезінетін жүргізуші келген жас қонақ қызды эфирден кейін жылатып, аузына келгенді оттап шығарып салғанын көргенде көзім тұрмақ аузым ашылды. Күлкілісі, жеке парақшасына сол түні сабырлы болу, біреуді жылату былай тұрсын ауыр сөз айтпау туралы 5 бет ақыл жазып қойыпты. Шіркін, өзі қолданса ғой деп қалдым. Адамдардың желідегі, эфирдегі өмірі ақиқатында мүлдем өзге екенін ұмытпаңыз… Сыйлап жүрген адамның осындай пендешілігін көргенде аздап сасып қалады екенсің. Есесіне, бұл да бір өмірдің сабағы деп түйдім.» — деп жазады журналист.

Жүргізушілердің ішінде жас қонақ қызды жылатқан кім болды екен деген сұраққа журналист Айнұр Тұрсынбаева деп жауап берді.

Кілтсөздер
Show More

Ұқсас жарияланымдар

10 пікір

  1. Біреу туралы айтпас бұрын адам кішкене өзіне қарауы керек сияқты. Олар да адам баласы. Оларда да мінез болады. Мінсіз адам болмайды. Бірақ ол үшін адамның адамгершілігі жұрдай секілді етіп көрсетіп, арзан пікірмен өзіне орта жинағысы келетіндер де жетерлік. мысалы осы мақаланы жазған «адам» сияқты. Айнұр болу үшін 25 жыл айтыста жүріп алыңыздар! Ал Алланың өзі берген кемшілікті адамдар түзей алмайды. Айнұрдың дыбысты айта алмады деген сөзіңізден бір күні табасыз ау))))

  2. Лайланин Айел бакыты сиякты болгысы келеди бари жамырап 4 жактан, бирак жетпейсиндер ешкайсын. Лайланы кетирип истеп отырган тирликтерин мынау, уят.

    1. Лəйлə болсын, Айнұр болсын қай- қайсысы да да жасару үшін жарысқа түскен жандар сияқты. Кейде тым қыз сияқты майысып, дарақы күліп сөйлессе, кей адаммен дөрекі сөйлескендерін көріп, екі жүзділік қасиеттерін байқау қиын емес. Инстаграммдарын ашып қалсаң жарнама жасаудан шаршамайды.

  3. Құралай ханым деген əйелдерге ақыл үйрететін, сол да эфирде дұрыс сөйлей алмайды ғой. Мен тіл маманы емеспін, бірақ қазір байқап отырсам ТВ əлемінде көбінесе сақау, ң мен н əріптерін дұрыс айта алмайтын маңқалар көбейіп кетті. Сонда халыққа қандай мәдениет үйретеді олар, өздері екі сөздің басын құрай алмай отырып. Мен бұл хабарды бір -екі рет қарпғанмын, Мақпал деген жүргізуші ғана ұнады.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.

Back to top button
Close