Жаңалықтаржоғары

Ұлтты қорлаған Шырын Нарчаеваны хейтерлері соққыға жықты (видео)

  Жалаңаш суретке түсіп, оларды желіге салуды сәнге айналдырғандар көп бүгінде. Солардың бірі — аты шулы Тараздық Шырын Нарчаева. Қазақтың сәукелесін киіп алып, жалаңаштанған бейнесі жұрттың жағасын ұстатқаны бәрімізге мәлім. Аз уақыттың ішінде желі жұлдызына айналды. Оны жақын арада бейтаныс қыздар дәретханада ұрып, мұрнын сындырған видео желіде кеңінен тарап кетті.

Видео кадрларында бейтаныс екі қыз модельге жақындап, тиісе бастайды.

Соған қарағанда бұл қыздар төсін жалаңаштаған Шырынның хейтерлері болса керек.

Видеодан Шырынды қолдамаушылар оны сұрақтың астына алып, бірнеше соққы бергендері белгілі. Сол уақытта бір ер адам Шырынға жақтасып, хейтерлерді «полиция шақырамын» деп қорқытты.

Өз болашағына алаңдап жүрген Шырын қазір ауруханада жатыр.

Естеріңізге сала кетейік, ұлтты қорлаған Нарчаева көпшіліктің ызасын туғызуда: «Басыңа өзін сор тілеп алдың, Шырын! Қазақтың құндылығын аяққа таптамас бұрын ақымақ басыңмен ойланбадың ба?»

Кілтсөздер
Show More

Ұқсас жарияланымдар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.

Back to top button
Close