Жаңалықтар

Forbes жураналы әлемдегі ең бай рэперлер тізімін жасады

Forbes журналы әлемдегі ең бай рэп-орындаушылардың тізімін жасады, — деп хабарлайды РИА Новости.

Бұл тізімде бірінші орын бес жыл бойы қатарынан Diddy лақап атымен танылған америкалық Шон Комбс иелігінде. Оның қаражаты 820 миллион долларға жеткен, бір жыл ішінде ол тағы 70 миллион доллар қосқан.

Одан кейін екінші орында Jay Z (Шон Картер) тұр, оның қаражаты Шон Комбстан небәрі 10 миллион долларға аз. Үшінші орынға Dr. Dre (Андре Янг) жайғасты, ол Apple компаниясымен бірлесе жұмыс істейді. Оның табысы — 740 миллион доллар.

Төртінші және бесінше орындарды Birdman атымен танылған Брайан Уильямс пен канадалық Обри Грэм (Drake) ие болған. Олардың қаражаты — 110 және 90 миллион доллар.

Forbes журналы 2011 жылдан бастап әлемдегі хип-хоп жұлдыздарының рейтингін шығарады.

Дереккөз: Tengrinews.kz

Show More

Ұқсас жарияланымдар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.

Back to top button
Close