Басты жаңалықтарЖаңалықтарКино & Театр

Ди Каприо ақыры «Оскар» иеленді

Лос-Анджелесте өткен Америка киноакадемиясының «Оскар» сыйлығын табыс ету салтанатында «Ең үздік актер» номинациясы бойынша жүлдені Леонардо Ди Каприо жеңіп алды. Актер бұл сыйлыққа бірнеше рет үміткер болған еді. Алайда биыл ғана сәті түсіп отыр.

Осымен 88 рет өтіп отырған шарада Леодан басқа бірнеше кино саласының мамандары «Оскар» құшақтап қайтты. Атап айтқанда «Ең үздік актриса» атағын «Бөлме» фильмінде ойнаған Бри Ларсон алса,  «Ессіз Макс: Қаһарлы жол» фильмі 6 бірдей «Оскар» иемденді.

Фильмдердің ішінде үздігі болып, «Басты назарда» фильмі танылды. Тағы бір «Оскарды» «үздік режиссер» ретінде Алехандро Гонсалес Иньярриту қанжығасына байлады.

Сонымен қатар, «Екінші пландағы үздік актер» аталымы бойынша — «Шпиондар көпірі» фильміндегі ролі үшін Марк Райлэнс«Екінші пландағы үздік актриса» боп, «Дат қызы» фильмінде ойнаған Алисия Викандер«Үздік түпнұсқа сценарий» бойынша «Басты назарда» фильмінің сценарийінің авторлары Джош Сингер, Том МакКарти«Шет тіліндегі үздік фильм» бойынша — «Саулдың ұлы» фильмі, «үздік оператор» бойынша «Оралған аруақ» фильмінің операторы Эммануэль Любецки ие болды.

Dolby Theatre сахнасында өткен бұл шарада тек жоғарыда аталғандарға ғана емес, деректі фильм, анимациялық фильм, әуен, монтаж, дыбыс монтажы, үздік костюм секілді басқа да аталымдар бойынша жүлделер тапсырылды.

Show More

Ұқсас жарияланымдар

Back to top button
Close