Жаңалықтаржоғары

Нұржанның орнын Нұржан басты! Салтанат Бақаева күйеуімен дуэт құрды

«Арнау» тобының әншісі, Салтанат Бақаева жеті жыл отасқан күйеуін, тыңдармандарына әнші ретінде тұңғыш  таныстырды. Жолдасымен дуэт құрған сылқымның көздегені не? Бұл жайлы НТК арнасының Ревю бағдарламасында айтылды.

Бұл «Арнаудағы» әріптесі Нұржанның орнын, сүйіктісі Нұржан басады деген сөз емес! Жарымен дуэт құру Салтанатқа – жәй ғана қызықты тәжірбие болмақ.

Дегенмен, Нұржан әуел баста әншілігін көпшілікке көрсетуге жүрексінген екен. Музыкалық сауатының жоқтығын сылтауратқан. Бірақ, Бақаева сылқым жолдасын райынан қайтара алыпты.

Cалтанат Бақаева, «Арнау» тобының әншісі:

-Біз өзіміздің үйлену тойымызда «Егіз-лебіз» әнін айтқан болатынбыз. Енді, былай әуеннен, музыкадан жұрдай адам деп айта алмаймын. Өйткені, туған әпкесі бізде театрда актриса болып жұмыс істейді, ән айтады, консерваторияны бітірген. Сондықтан, қанында бар нәрсе негізі…

Жүктіліктің алтыншы айында жүрген ару, әлі де мансабынан қол үзбек емес! Ал, Аиша болса керісінше үшінші сәбиін өмірге әкелгенше біраз тынығып алмақ.

Бүркіт пен Аиша:

– Жаңа жылдан кейін біз ыстық жаққа қарай демалып келеміз бала шағамызбен! -Потом я выхожу в декрет! Яхууу!

Тәжірбиелі ана Қарақат Әбілдина Аишаны құптап отыр! Құрсағыңа құт біткенін көпке көрсетуге қарсы. Дегенмен, өзі де ай күні жеткенше ел назарында жүретін.

Қарақат Әбілдина, әнші:

– Керемет көрініс емес қой негізі. Көпшіліктің көзі бар,  назары, қанша дегенмен тіл, көз, сұқ деген бар.

Бүркіт пен Аиша:

– Көзден құдай сақтасын.

Жұлдызды жұп, сәуірде сүйінші хабармен бөлісуге уәде етті.

Кілтсөздер
Show More

Ұқсас жарияланымдар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.

Back to top button
Close