ЖаңалықтаржоғарыКино & Театр

«Брат или Брак?» және «Бизнес по-казахски» кассалық фильмдері біріксе, қалай болар еді?

2017 жыл отандық кинотуындылардың басқа жылдарға қарағанда ең көп тұсауы кесілді. Оның ішінде касса жағынан рекорд орнатқан Құралай Анарбекованың продюсерлігімен түсірілген «Брат или Брак» комедиясы мен Нұрлан Қоянбаевтың «Бизнес по-казахски» фильмінің екі бөлімі.

Үлкен сұранысқа ие болған комедияның жалғасы түсіріледі ме? Бұл жайлы продюсер: «Фильм өз мәресіне жетті. Оның жалғасын түсіргеніміз мәнсіз болар. Себебі бас кейіпкерлер дегеніне жетті, ағалары көнді», — деп қорытындылады. Дегенмен, актер әрі «Бизнес по-казахски» фильмінің киносценаристі Алишер Утев пен Құралай Анарбекова бірігіп, жаңа комедия түсірмек. Бұл жайлы Құралайдың желідегі парақшасына сілтеме жасап, Жұлдыздар Әлемі хабарлайды.

Гоханың рөлін сомдаушы Анарбекованың айтуы бойынша, фильм банкты тонайтын ұрылар жайлы. Фильм агрессиясыз комедия бағытында түсірілмек.

https://www.instagram.com/p/Bem2j02jVUx/?hl=ru&taken-by=kuralay_corich

Кілтсөздер
Show More

Ұқсас жарияланымдар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.

Back to top button
Close