Басты жаңалықтарЖаңалықтар

Күлкіге қарық қылатын 5 фильм!

Күлдіргі киноларды жанындай жақсы көретін көрермендер үшін комедия жанрында шыққан үздік 5 фильмді назарларыңызға ұсынамыз!

  1. «Евротур» фильмі — 2004 жылы жарыққа шыққан фильм. Скотт есімді жігіт, Германия елінде тұратын адаммен әлеуметтік желісінде танысқысы келеді, ол бірден Майк есімді жігітпен танысады. Неміс тілінен жақсы баға алу үшін, Майктан көмек сұрайды, Майк үй жұмысын жасап беруге көмектеседі. Майк жігіт емес, қыз болып шығады. Майк америкадағы досын көруге құштар болады. Фильмнің режиссері — Джеф Шеффер. Басты рөлдерде: Скотт Микловиц, Джейкоб Питтс, Мишель Трахтенберг.
  2. «Мачо мен Ботан» фильмі — Жолы болмайтын екі полицей жігіттер туралы, басшылық екі жігітті алғашқы тапсырмаларына жібереді. Қылмысты ашу үшін оларға мектеп оқушылар болуға тура келеді. Фильмнің режисссерлері — Фил Лорд пен Крис Миллер. Басты рөлдерде: Джона Хил мен Ченнинг Татум.
  3. «Третий лишний» фильмі — басты кейіпкер кішкентай шағында қонжық ойыншықтың жанды болғанын қалайды. Басты кейіпкер ер жетіп, тамаша жұмысы және қалыңдығы бар, жақында үйлену тойын жасауды ойлап жүреді. Басты кейіпкердің кішкентай шағындағы арманы орындалып, қонжық ойыншық жанды болып шығады. Басты кейіпкерге достықты немесе махаббатты таңдауға тура келеді. Фильм режиссері — Сет Макфарлейн. Басты рөлдерде Марк Уолберг, Мила Кунис, Джованни Ривизи сомдайды.
  4. «Мальчишник» комедиясы — Үш жігіт таңертең ұйқыдан оянады, ішімдік ішкеннің әсерінен үш дос кеше не болғанын естеріне түсіре алмайды. Фильмнің режиссері — Тодд Филлипс, басты рөлдерде: Брэдли Купер, Эд Хелмс, Зак Галифианакис, Джастин Барта.
  5. «Сыныптастар» фильмі — 30 жыл бір-бірін көрмеген достар отбасыларымен бірге кездеседі. Кезінде бірге ойнаған чемпионаттың жеңісін бірге тойламақ. Фильм режиссері — Деннис Дуган, басты рөлдерде: Адам Сэндлер, Кевин Джеймс, Крик Рок және Дэвид Спейд.
Show More

Ұқсас жарияланымдар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.

Back to top button
Close