Жаңалықтаржоғары

Байзақовамен бірге клип түсіру пиардың бір түрі ме?

Күні кеше ғана, 50 мың теңге үшін қыздарды шешіндіріп, үш күн қамауға алынған Байзақова, тыңдарманын сахнадан қумақ болған Төреғалимен бірге қазнеттің қызу талқысына түскен еді. Айжан босатылды, Төреш халық алдында ақталған-ды. Дегенмен, даттаудың соңы көрінер емес.

Онымен қоса, үш бозбаладан құралған Alem Band тобы атышулы Айжан Байзақоваға таласа, ғашық екендерін көрсетті. Иә, біздің меңзеп тұрғанымыз жаңа бейнебаян.

Байзақовамен шулатқысы келген жігіттерді көпшілік оқырманы даттап жатты: «Байзақованың жанында қайда кішкентай ғой мына жігіттер», «Осыдан басқа қыз құрып қалыпты ма?«- деген пікірлермен желіде сынап тастады.

Естеріңізге сала кетейік, топ құрамы үш жігіттен тұратын Alem Band тобында жастайынан белгілі әнші, тележүргізуші Еркеш Хасен өнер көрсетуде. Құралғандарына көп уақыт болмаса да, жігіттердің еншісінде бірнеше танымал әндері мен бейнебаяндары бар.

https://www.instagram.com/p/BdxMH9Vh7UD/?taken-by=alemband_official

 

Кілтсөздер
Show More

Ұқсас жарияланымдар

3 пікір

  1. Арине пиар. Олардын баска топтан ерекшеленетин туги жок. Сол ерекшкликти Бвйзаковадан тапкан да.

Добавить комментарий для Почтальон печкин Отменить ответ

Ваш e-mail не будет опубликован.

Back to top button
Close