Жаңалықтаржоғары

Қамауға алынған атышулы Байзақова кінәсін мойындап, істеген ісіне өкінді

Инстаграм желісі жыл сайын дамып келеді. Желі дамыған сайын, ондағы адамдар да көбейіп, арасынан «инстаграм жұлдыздары» да көбеюде. Жұлдыз болу үшін, денеңе сурет салдырып, ерніңді үлкейтіп, дене бітіміңді «идеал» етіп алсаң болды деп ойлайсыз ба? Жо-жоқ, инста-жұлдыз болу үшін Байзақова сынды «шешініп не өзгені шешіндіріп» бай болуға да болады! Бірақ, ондай қуаныш көпке ұзамас, болмаса соңы үш күндік «тыныштықпен» аяқталады.

Instagram жұлдызына айналған Айжан Байзақованы үш күнге қамап қойды. Бүгін күндіз Айжанды Алмалы аудандық ішкі істер басқармасына шақырған. Бұл туралы tengrinews.kz хабарлады.

Алматы ІІД баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, 22 жастағы бойжеткенді кішігірім бұзақылық әрекеті бойынша шақыртқан. Бұдан бұрын әлеуметтік желіде қыздардың ақшаға бола алматылық клубтардың бірінде шешініп жатқан видеосы тараған.

«Алматы тұрғыны А.С. Байзақованың ісіне қатысты 434-бап, әкімшілік құқықбұзушылық туралы ҚР Кодексінің 1-бөліміне сәйкес хаттама жасалды. Оны қоғамдық тәртіпті және этикалық нормаларды бұзу арқылы қоғамдық іс-шараны өткізгені үшін айыптады. Істің ақпараты Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотына жіберілді. А.С. Байзақованың ісі толығымен дәлелденді. Сот шешімі бойынша ол үш күнге әкімшілік қамауға алынды», — делінген Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының хабарламасында.

Әлеуметтік желіде халықтың назарын өзіне қаратып, сынына ұшыраған Айжан Байзақова кінәсін мойындап, істеген ісіне өкінетіндігін жеткізген.

Кілтсөздер
Show More

Ұқсас жарияланымдар

4 пікір

  1. Негізі шешінген қыздардыда жазалау керек. Оларда қазақ қыздарынан атына кір келтінгендердің қатарында. Неге олар жазасыз қалу керек. Бір рет топтың алдында шешінсе ертең желіде шешінбесіне кім кепіл.

  2. Орудуулатедбинльсулташааг
    Причём тут Байзакова нужно было этих двоих наказать
    Пиздец

  3. У нее родители есть? они куда смотрят? xоть ей 22 года родители не смотрят что ли что она вытваряет в инстаграмме?

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.

Back to top button
Close