Жаңалықтаржоғары

Баян Алагөзованың кеңсесіне ұры түсіп, құжаттарға бас салған

Белгілі продюсер Баян Мақсатқызы тарихи «Қозы Көрпеш-Баян Сұлу» телехикаясын таспалап, ұлттық арнадан көрсетілгелі даудың басы тынышталар емес. Онымен қоса, продюсердің шетелде демалып жүргенін ескере, продакшн кеңсесіне ұры түскенін хабарлады продюсер желідегі парақшасында. Бір қызығы, Мақсатқызының айтуынша, бағалы дүниелер орнында. Тек құжаттар алынған.

«Кеше түнде компаниямның кеңсесіне белгісіз біреулер кірген. Дегенмен, барлық аппаратура,бағалы заттар мен компьютерлерге ешкім тиіспеген, олар тек қана құжаттары бар папкаларды ғана ұрлап әкетіпті.
Мен мүлдем уайымдап тұрған жоқпын, себебі оны істегендер құжаттардан тек жақсы жақтарын көреді.
Қанша уақытыңызды құртып, ең үздік аудиторларды шақырып, ақшаны босқа желге шашпаңыз. Мен адал жұмыс істеймін! Бұл қылмысқа тапсырыс бергендерді табу үшін бар күшімді саламын. Ерте ме, кеш пе — бәрі белгілі болады.  Мен мұны кім істегенін сезіп те отырмын», — деп жазды Баян.

 

Кілтсөздер
Show More

Ұқсас жарияланымдар

1 пікір

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.

Back to top button
Close