ЖаңалықтарӘнші

Димаш Құдайбергенов ғаламтордың жаңа жұлдызына айналды

Ғаламтордың жаңа жұлдызы! Қытайдың «Hunan tv» арнасы ұйымдастырған «Мен әншімін» байқауының екі кезеңінен де сүрінбей өтіп, үздік атанған әнші Димаш Құдайбергеновтің абыройы Қазнетте күн өткен сайын артып бара жатыр. Бұл туралы «31» арнадағы «Информбюро» бағдарламасы хабарлайды.

Жас өнерпаздың байқауда орындаған әндерін Қытайдың ойын-сауық арнасының сайтынан 17 миллионнан астам адам көріп, 12 миллионы пікір қалдырған. Ал ерекше дауыс иесі туралы түсірілген әзілқой қойылымның интернеттегі қаралымы 300 миллионға бірақ жеткен. Youtube пен сайттардан бөлек, Димаштың танымалдылығы Инстаграм желісінде де кең тарала бастады. Бүгінгі күні әншінің шығармашылығын қолдап, жеке парақшасына жазылған оқырмандардың саны Роза Рымбаева, Нағима Есқалиева, Майра Ілиясова сияқты Халық әртістерінен де көп болып отыр. Аз ғана уақыт аралығында 454 мың оқырман жинап үлгерген жас дарынға 100 мың адам және жазылса, оқырманы халықтың ерке қызы Мақпал Жүнісованың жазылушыларымен теңесіп қалмақ.

Кілтсөздер
Show More

Ұқсас жарияланымдар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.

Back to top button
Close