Жаңалықтаржоғары

Дана Кентай трансвеститтер туралы: Әр адам өз қалауынша өмір сүруі керек

Әнші Дана Кентай кезекті жаңа бейнебаянын түсіру үшін трансвеститтер мекені саналатын Таиланд еліне барған. Сапар барысында әнші жынысын ауыстырған ерлерді көптеп кездестіргенін ашық айтты.Ол жайлы Дана желідегі инста-парақшасында:

Таиландта кейбір жігіттер қыздардан да əдемі екен. Өз көзіммен көргенде бір жағынан үрейленіп, бір жағынан тамсанып қарадым… Шынында да əдемі. Баяғыда өз жынысын ауыстыратын адамдарға сын көзбен қарап, қатты сөгетінмін. Қазір ойлаймын, өмір біреу жəне əркім өз қалауынша өмір сүруі қажет, ең бастысы басқа адамға зиянын тигізбей. Ал арғы дүниеге барғанда əркім өз күнəсі үшін өзі ғана жауап береді. Қазақстанда шаш бояп, сырға тағатын жігіттерге іші ашитын адамдар осында келсе не болар екен деп қоям əлгі жерде”, – деп бөлісті.

Дана, мына айтқаның енді жөн емес. Сенен мынадай ой туса, қалғанын қой”, “Құдай сақтасын ондайдан. Біздің қазаққа жат нәрсе. Түсінбедім мұнымен несіне суретке түскен жиіркенішті”, “Күшті мағыналы сөз айттым деп тұрсыз ба? Мінсіз адам болмайды, бірақ мыналардың күнәсі кешірілмейді”, “Жастарға үлгі қылу үшін жаздыңыз ба? Мұныңыз жарамады”, – деп желідегі Дананың оқырмандары әншінің пікіріне қарсы шығып, жан-жақтан сөгіп жатты.

Кілтсөздер
Show More

Ұқсас жарияланымдар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.

Back to top button
Close