Жаңалықтаржоғары

Әнші Санда қазір қайда?

«Асқақ арманым», «Прости, мне очен жаль» әндері арқылы, «Қазақстан дауысы» жобасымен танылған Санда есімді әншіміздің біраз уақыт бойы көрінбей кеткені рас. Ол қазір қайда? Продюсерімен неліктен жұмысын тоқтатқан? Осы жайлы әнші НТК арнасы Ревю  бағдарламасына берген сұхбатында айтты.

Көңілім қалды. Бұл Тастембековпен ат-құйрығын үзіскен Санданың бүгінгі жай-күйі! Бикеш бұрынғы басшысының кесірінен, арадағы келісімшартты тосыннан тоқтатқанын айтқан-ды! Тіпті, талантты қыз бұдан былай отандық продюсерлермен жұмыс жасауға құлықсыз. Неге?!

Алғашқыда 7 жылға келісімшарт жасасқан Санда, Тастембековпен тіл табыса алмай, 3 жылдан кейін арадағы әріптестікке нүкте қойды.

Санда, әнші:

-Бір инцидент болды. Оны айтқым келмейді. Сол үшін біз контракты бұзуға тура келдік. Бірақ, мен Қазақстандағы продюсерлермен жұмыс істеймін деп ойламаймын.

Осы жылы беделді продюсер Алтынбек Рахметов те, табысты жобасы Серік Ибрагимовпен қош айтысты. Алайда, қос тарап арадағы қарым-қатынасқа әлі күнге дейін сызат түспей сақталған деп сендірді.  

Кілтсөздер
Show More

Ұқсас жарияланымдар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.

Back to top button
Close