Шоумен & ТұлғаӘнші

Танымал блогер қазақ әншілерінің шетте қалғанына қынжылды

Астанада әлемдік деңгейдегі шоу «Муз-ТВ – 2015. Гравитация» кеші өткелі жатқаны белгілі. Осынау концерттің Қазақстанда өтетіне көптеген отандық шоу бизнес өкілдері қарсылық білдірген болатын. Алайда бұлары әбден болары болып, шоудың өтуіне бір аптаға ғана өткенде шулап қоя бергенінен ештеңе өнбейтіні белгілі еді. 

Ал кеше кешкісін астаналықтарға арнап отандық және ресейлік әншілер ән шырқаған болатын. Осы кеш те шусыз болмады. Көрермендер де, әншілер де риза болмағанға ұқсайды. Соның бірі танымал блогер Эльвира Ерғалина фейсбукте өзінің пікірімен бөлісті

«Таң атып кетті, ал, мен ұйықтай алмай жатырмын… Қайдан ғана барып едім мына концертке 😄
Басқа қаладан ұшып келіп, костюмын киіп, боянып-сыланған, биін дайындаған Маржан Арапбаева, Əли Оқапов, Алашұлы, Орда, Меломен, Лашын тобы, Дос сияқты əншілердің сахнаға шыға алмай кеткеніне «жаным ашып» кетті. Ақылбек Жеменей де əн айтпады-ау! Олар сахнаны айналшықтап концерттің соңына дейін жүрді, уақыт жетпей қалды.

Концертке мүлде дайындық болмаған. Импровизацияға салыңдар деп берген жүргізушілері əншілердің кезегін шатастырып алған. Қасына жақындаған өнерпазды сахнаға шығарып отырды. Ал, жүргізушілердің жанына апарар есікте зіңгіттей күзетші тұр. Орыстардың бишісі, визажисті, көмекшісі емін-еркін кіріп-шығып жүрген сол есіктен қазақтың «менмін» деген жұлдыздары əрең өтіп жатты, кейбірін кіргізбеді де. Сөйтіп, біразы əртіс көйлегін киген күйі үйіне қайтты. Сахна сыртындағы «былыққа» ашынса да, батылы жетіп, сахнада пікірін айтқан Рингодағы Батыр ғана болды.

Қонағын сыйлаған халықпыз, бірақ, Ұлттық арнамызды билетіп қойғанымыз не?
Музарттың пікіріне, іштей болсын, қарсы шыққан өнер адамдары өкінді, «Атвечаю»!»

Show More

Ұқсас жарияланымдар

Back to top button
Close