ЖаңалықтаржоғарыЭксклюзив

Димашты көкке, Кешьюліктерді тұрмысқа, жасырған жарларды жарыққа шығарған 2017. ЖЫЛ ҚОРЫТЫНДЫСЫ!

«Жаңа жыл — жарылқасын, Ескі жыл — есіркесін«, — демекші жап-жаңа 2018 жылды қарсы алуға санаулы күндер қалды. Жыл ағымында барлық адамдардың өмірінде біршама өзгерістердің орын алатыны рас. Ол өзгерістердің қаншалықты айтулы екенін жыл соңындағы қорытынды бойынша саралауға болады. Олай болса, алдарыңызға 2017 жылы Жұлдыздар Әлемінде орын алған елеулі, Қазнетті шулатқан жаңалықтар топтамасын ұсынамыз.

  1. Ең әуелі, еліміздің атын шығарып, өзін әлемдік деңгейде дәлелдеген Димаш Құдайбергеннен бастағанды жөн көрдік. Димаш үшін ағымдаға жыл өмір бойы есінде қалатынына сенімдіміз. Қазақтың Димашы, Қытайдың Dimashi-ы атанса, жыл соңында елімізден тұңғыш рет American Music Awards әлемдік бәйгесіне аттанды.

 

  1. Енді өнердегі танымалдылыққа емес, жеке өмірінің “шуымен” рейтингін көтерген қыздарға кезек берсек. Қалыңдық атанған Кешюліктер мен өнердегі аналары қасықтап жинаған Есентаевадан, қазақтардың “менталитетіне” қарама-қайшы келіп, шелектеп төгілген Алагузоваға айналуы.
  2. КешYOU демекші, топ бір жылда күрделі үш өзгеріске тап болды. Ақботаның Нұрлы жырымен Қазнетті шулатқан Айдарқұловтар отбасы мен, құрбысының жолын қуған Жұлдыздың Төлепбергеноваға айналуы. Ана атануға қызу дайындалған қыздар топпен біржолата қош айтысып, топ үштік төрттікке, төрттіктен қайта үштікке оралды.
  3. “Жұлдызды ана” эталонына айналған,4 ұлдың анасы, аңсаған қызын дүниеге әкелді. Тұсау кесуден рекорд орнатқан Қыдырәлінің Қақаты, көптің тілегі орындалып, қызды болды.

  1. Бірі отбасын құрып жатса, бірі отбасын бөліп жатты. Әрине, өмір болған соң бәрі де болады. Ақбота мен Дәуреннің махаббат баяндары басталмай жатып аяқталса, танымал спортшылар Данияр Елеусінов, Илья Ильин, Мөлдір Әуелбекова, Алан Черкасов, Алтынай мен Сәбит те енді ерлі-зайыптылар емес.

  1. Жасырған жарларын елмен таныстарған хитмендер. 2017 жылды “Келін” жылы десек, асыра айтпағанымыз. Себебі, 10 жыл жасырған Қайрат Нұртас жары Жұлдыздың жұлдызын жақса, 3 жыл өткен соң бір-ақ үйленген Төреғали. Онымен қоса, Ернар Айдар да үйленгенін жасырудың еш мәні қалмағанын түсінгендей.

  1. Бір оқпен екі қоянды атқан ағайынды Төлеповтер. “Жаужүрек мың баланың” ішіндегі батыры Сартай шаңырақ көтерді. Құсын қолына қондырған Асылхан Төлеповтың тойында тағы бір тосынсый жасалып, ағасы да сүйіктісіне сөз салды.

  1. Қазнет тек отбасылық, жеке өмір жаңалықтарымен емес, жұлдыздардың басы бір қазанға сыймаған кездерінде де біраз шулады. Оның бірі Меруерт Түсіпбаева мен дизайнер Жадоның келісімге келе алмауы болса, бірі Ләйләға ренжіген Алтынай. Дегенмен, бір қазанда өмір бойы қайнайтындарын ескере, келісімге келер деген сенімдеміз.

  1. Ақ пен қараның қатар жүретіні заңдылық. Биылғы жылдың нағыз мега-хиты айналған Зың-зыңның авторы мезгілсіз дүниеден өтсе, күні бүгін ғана жеткен тағы бір қайғылы хабар. Аңыз адам атанған Құман Тастанбеков, қазақтың Төлегені жер қойнауына тапсырылғаны…

  1. Биылғы жыл онымен қоса, қос-қосынан түсрілген, сәтті фильмдермен есте қалды. ҚайраттыңАрманы”, Құралайдың “Брат или Брак”, Түнгі Студияның төрін иемденген Қоянбаевтың “Бизнес по-казахски” фильмі.

2017 жылдың осындай оқиғаларымен есте қалғанын қорытындылай отыра, келер жыл өнерде сәтті, өмірде тәтті болуын тілейміз!

ЕСКЕРТУ! БАРЛЫҚ ҚҰҚЫҚТАР ҚОРҒАЛҒАН! АҚПАРАТТЫ КӨШІРІП БАСУ ҮШІН САЙТТАН РЕСМИ РҰҚСАТ АЛУ КЕРЕК!

Кілтсөздер
Show More

Ұқсас жарияланымдар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.

Back to top button
Close