Басты жаңалықтарЖаңалықтарШоу бизнесЭксклюзивӘнші

Ұл ма, қыз ба? Арман мен Аша екінші сәбиінің жынысын анықтады

Арман мен Аша екінші сәбиінің жынысын анықтады, деп хабарлайды Shownews.kz ақпараттық порталы

Бүгінде Арман мен Аша екінші сәбиін күтіп жүр! Келесі бөбек ізбасар ма, әлде кестетігер ме? Соңғы рет дәрігердің қабылдауында болған отбасы бұл сұрақтың нақты жауабын анықтап үлгерген. Алайда, жұлдызды жұп нәрестенің жынысын жұртқа жария қылғысы келмейді.
«Жынысын әрине, анықтадық. Қазір енді медицина саласы дамыған ғой. Бірақ енді оны әзірге айтпаймыз. Жақында өздеріңіз хабардар боласыздар», — деді Арман.
Өнер иелері сәбидің есімін де таңдап қоюы да әбден мүмкін. Бірақ оны Арман сыр қылып сақтап отыр. Ал, алғашқыда Асылымның атын өзі қойған Қоңырбаев, бұл жолы әулеттің талқысына салып, бір шешімге келмек.
«Негізінде сәбидің есімін мен қоямын деген қатып қалған қағида жоқ. Жан-жақтан ұсыныстар жасалады. Әке-шешеміз, Аша бар, мен бар. Кімнің ұсынысы бәрімізге бірдей ұнайды, солай қоятын шығармыз», — деді Қоңырбаев.
Алғашқы жүктілігінде декреттік демалысқа ерте қамданған Аша бұл жолы асықпайды. Тележүргізуші ай-күні жетсе де, тікелей эфирдегі жұмысынан қол үзгісі жоқ.
«Аша өзінің жұмысын соншалықты қатты жақсы көреді. Декретке шықпай айдың аяғына дейін жұмысын атқарып, содан кейін барып декретке шығамын деп уәде берді», — дейді отағасы.
Бүгінде Арман мен Ашаның тұңғышы Асылым үш жастан асқан. Кішкентай ханшайым бауырын тағатсыздана күтуде.
«Асылым өте ақылды қыз болып өсіп жатыр. Ол бізді әрқашан қуанышқа бөлейді. Екі жақтыда бөлмей, ата-әжесін, апасын барлығын өте жақсы көреді. Оған барлығымыз көңіл бөлеміз. Тіл көзден сақтасын Алла!» — дейді Арман.
Аша алдағы уақытта декреттік демалысқа аттанса, Арман жеке шығармашылығын қолға алып, продюсерлік мансабын шыңдамақшы.

Кілтсөздер
Show More

Ұқсас жарияланымдар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.

Back to top button
Close