РепортаждарШоумен & ТұлғаӘнші

Қазақ жұлдыздарына қара нәсілді әншілер бақталас па?

Кейінгі уақытта еліміздегі концерттер мен той жиындар қара нәсілді жігіттердің өнерінсіз өтпейтін болыпты. Той-домалақтың ортасынан табылатын олар, қазақ жұлдыздарына бақталас болып жүрген жоқ па?

RICH D

Сонау 2000 жылдардың басында Нигериядан келген азамат алғашқы уақытта түнгі клубтарда ди-джей болып қызмет атқарған. Кейін АҚШ мемлекетіне кетіп, музыкалық қабілетін шыңдаған ол, қазақ жеріне қайта келеді.

Америка, африка және қазақ музыкасын біріктіре отырып, микс шығарған Рич әр-түрлі кештерде шоу жасау арқылы нан тауып келеді.

Даниэль Джеймс

Домбыраның құлағында ойнайтын камерундық Даниэль «Нұр Той» және «Досмулатос» дуэтінде ән салып, тіпті үш тілде кеш жүргізіп жүргеніне де біраз уақыт болыпты.

928362_764365920287531_1085738139_n

Бірнеше күйлерді жатқа меңгерген ол, бет ашып, асаба да болып жүр. Даниэль бірнеше рет отандық арналардың біріндегі бағдарламаға қатысып, ақша тауыпты.

Мусабек

Бұл да африкалық өнерлі жігіт. Есімі — Мұсабек. Әріптесі, әрі отандасы Даниэль секілді домбыраға әуес екен.

11b0aab919729cef7516e6cf86c88d3dТойлардан жиі көрінетін Мұсабек ән айтып, бір кездері елдің назарын аударған болатын.

«Sin Frontera» тобы

Екі жігіттен құралған «Sin Frontera» тобы Кубадан келіпті. Соңғы кездері сахна төрінен көрініп жүрген әншілер Абай Бегейдің концертінде «Аспанға қараймын» әнін орындады, тіпті клип түсірген.

8OxvFhWLUvs

Шет елден келген әншілер қазақ жұлдыздарының орнын басып, ығыстырып кетпесін! 

comode.kz

Show More

Ұқсас жарияланымдар

Back to top button
Close