ЖаңалықтарКино & Театр

Сырғалым тұрмысқа шықты

Ұлттық арна эфирінен ұсынылған «Сырғалым» телехикаясында басты рөлді сомдаған жас актриса Жұлдыз Маханова тұрмысқа шықты. Ол 1990 жылы 14 желтоқсанда Алматы қаласында дүниеге келген. Кәсіби актриса емес. Дегенмен, көк жәшіктің арғы бетіндегі көрермендерді ерекше талантымен баурап үлгерді.

Естеріңізге салсақ, «Қазақстан» РТРК» АҚ ұйымдастырған «Жыл таңдауы-2014» байқауында Жұлдыз Маханова «Үздік актриса» аталымымен марапатталған болатын.

 «Сырғалым» — қазақ көрерменін өзіне тартқан бірден-бір телехикая болды. Әрқайсысы 40 минуттан тұратын 48 бөлім Ұлттық арнадан 4 ай бойы  көрсетілді. Осы уақыт аралығында еліміздегі ең жоғары рейтингті телесериалға  айналып үлгерді.

Телехикая Татарстанда да көрсетілді. Жергілікті «Татарстан – Жаңа ғасыр» және «ТНВ Планета» арналарында қазақ әртістері татарша сөйледі.

Show More

Ұқсас жарияланымдар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.

Back to top button
Close