ЖаңалықтаржоғарыӘнші

«Хит керек»: Әли Оқапов Димашты сынға алды

Димаш көктем мезгілінде кезекті клипінің тұсауын кесті. «Бірақ, әрбір әнді жүректерге жеткізіп шырқаса да, Құдайбергеновтің шығармашылығында бір әттеген-ай бар», — деседі әріптестері. Олардың ойынша, әлем таныған қазақ баласының репертуарында хит туынды жоқтың қасы!

Димаштың нәзік жандылардың төл мерекесінде тұсауын кескен туындысы – «Аққуым» деп аталады. Лирикалық әнге таспаланған видеоның сюжетінде – екі жастың кіршіксіз сезімі суреттелген. Бірақ тума талант тынбай тер төксе де, отандық әртістерді Құдайбергеновтің репертуарында авторлық хиттің жоқтығы қынжылтады.

Әли Оқапов, әнші:

-Димаш дегенде, біз біріншіден Димаштың өзін және оның даусын, көз алдымызға аламыз. Ал Димаш, осындай ән дейтіндей өкінішке орай бірде-бір ән шықпаған. Ол енді ақиқат, ол – шындық! Бірнеше бейнебаяндары бар екенін білемін. Қаншама концерттерді бергенін білемін. Бірақ, Димаш – әлемдік әндердің каверін орындаудан өз тыңдармандарын тапқан немесе жаулаған әнші. Менің ойымша әрбір әншіге хит керек!

Әлидің айтқанымен өнердегі аға-әпкелері келісе қоймайды. Музыка майталмандарының пайымдауынша, Димаш шырқаған әрбір шығарма өзіндік ерекшелігімен тыңдармандар жүрегін жаулап үлгерген.

Майра Ілиясова, әнші:

-Оның барлық әні хит. Мен келіспеймін. Бізде «хит» деп арзанқол әндерді хит қылып алған ғой. Бүгін «ымба-ымба» дейді. Таңертең ол хит болып шығады. «Дайдидауды» төрт жасар балаға дейін айтады және бәрі Димаш сияқты айтуға тырысады.

Ринат Гайсин, композитор:

-Димаштың әр орындаған әндері, өзінің жеке авторлық әндері болсын немесе каверлері болсын – бір жаңалық болып шығады. Димаштың ерекшелігі сол. Ол әр әнге фишкаларды қосады, әр әннің структурасын өзгертеді. Сол үшін Димаштың басқа әншілерден айырмашылығы көп!

Дәл қазір Димаш дүниежүзілік турнесіне қызу дайындық үстінде. Қазақ баласының кезекті концерті, 22-ші және 23-ші наурыз күндері Мәскеудің «Кремль» сарайында өтеді.

Дереккөз: Ntk.kz

Загрузка...
Кілтсөздер
Show More

Ұқсас жарияланымдар

10 пікір

  1. Оттапсың,әли !!! Бұның көреалмаушылық !!! Сен шешеңнің арқасында әнші екеніңді халық біледі.

  2. Аяз би әліңді біл, құмырсқа жолыңды біл.
    Ішіп күйсе тұз жала, сыртың күйсе домала.
    Оттамай, боқ жемей тыныш жүрсең дұрыс болар еді Әли.

  3. Хитын бар болсын, кореалмаймын деп шынынды айтсан дурыс болады, Димаштын тырнагына да турмайсындар, халыкты сокыр деп па единдер.Таланттын аты талант кой.

  4. Ит жоқта қорада шошқа уреди, хитменсымак аншисымак қисынсыз сөз айтып, молдир суды лайлаудын қажети жоқ.. Хит болса қай анин хит еди,анши болсаң Adagio,Дайдидау, SOS биреун айтып корши,Димаштын орындауынан соң айрандай абыройы тогилсин,деңгейине қарап сөйлеу керек, Чип Чип, Аспанға қарап жұлдыздарды санап, хит дегенин сол болса ондай хиттерди озин тыңдап жүре бер шырағым! Сенен шыққан татымды ән естиген емеспиз..

  5. Али айтса шынын айтты ешкандай жаман, арам ойды сезген жокпын. Жаксы жагынан карасак.

  6. Сенің бір əнің барма халық тыңдайтын өзің не əнші не бйші екенің белгісіз Маманның арқасында журген біреу сіңірген өз басым сені тыңдаған емеспін. Димашты əлем моиындаған

  7. Димаштың айтатын әндері халықтың тыңдау жағынан хит болған әндер.Халық ол әндерді орындап айта алмайды,айтқысы келседе айта алмайды,Димаштай дауыс жоқ.Хит ән деген танымал ән деген сөз,егер ән ұнап айтуға жеңіл болса бәрі айтар еді…Амал не ,айтып жүргіміз келседе кереметпін деген әншілердің даусы жетпейтін әнді кім айтсын…бірақ тыңдай бергің келеді,тыңдай бергің келеді.ыңылдап айтасың,сахнада айта алмайсың…Сонда хит әндердіңде екі тағдыры бар екен…Мысалы Гаухартас,Абайдың әндері тағы басқа көп әндерді ыңылдап екінің бірі айтып жүретін кезінде,ал жеңіл әнді де сөкпеу керек жеңіл деп,оныңда өз ерекшелігі болған соң халық айтады,айтуға жеңіл болып,дауыстары келген соң сыртқа шығарып сахнада көп айтады.Димаштікін іштен айтамыз,ал сыртқа дауыс келмеген соң ешкім айтпайды.Себебі ДимашТЫҢ ДАУЫСЫ ЕРЕКШЕ!!!…

  8. РОЗА! кандай иши тар бала осиргенсин?? Димаштын тырнагына да татымайтын бок мурындар не деиди??Сенин арканда жай отирик анши болып журген жок па? Саган да Окап ка да уксамайды ! Кимди тарбиелеп отырсын?? Биз сени курметтеимиз!Оте адал кызсын !Бирак мына сози уят болды! Димашка Алла талант берген! А Алиине мамасынын аркасында жургенин умытпаганы дурыс болар!Елди сынаганша Аспаннан туссин балан!!

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.

Back to top button
Close