Жаңалықтаржоғары

Қанат Ислам Астанада тағы бір бокс кешін өткізеді

Team Qazaq Астана қаласының 20 жылдық мерейтойына байланысты Астанада үлкен кәсіпқой бокс кешін өткізбек. Келіссөз жұмыстары басталды, — деп хабарлайды Baq.kz.

Бұл туралы боксшының менеджері Берік Сұлтан өзінің фейсбук парақшасына жазды.

«Бокс кеші 2018 жылдың мамыр айында ұйымдастырылады деп жоспарлануда. Басты жекпе-жекте Қанат Ислам жұдырықтасады. Қанат Исламнан бөлек бұл бокс кешінде көк туды желбіретіп жүрген елімізге танымал қазақтандық боксшылар да өз өнерін ортаға салады», — деп жазды ол.

Айта кетейік Қанат Ислам желтоқсан айының соңында АҚШ-қа аттанады. Команда жоспары бойынша QAZAQ Астанадағы бокс кешінің алдында Америкада 1 жекпе-жек өткізеді.

Кілтсөздер
Show More

Ұқсас жарияланымдар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.

Back to top button
Close