Жаңалықтар

Серікбол Сайлаубек: Төрт әйел аламын. Текке жүргенше, одан да бала туып, қазақтың санын көбейтсін

Танымал әнші Серікбол Сайлаубек қоғамдағы кәрі қыздар туралы өз ойын ашық айтып, алдағы уақытта төрт әйелге дейін алатынын жасырмай айтты деп хабарлайды NUR.KZ.

Бұл туралы ол «Жұлдыздар отбасы» журналының кезекті санында айтты.

Ол оқырмандардың сұрағына жауап беріп, өзінің ойларымен бөлісті.

«Кәрі қыздар санын азайтуға қалай қарайсыз?», — деген сұраққа әнші бір-ақ ауыз сөзбен жауап берді.

«Алла қаласа, алдағы уақытта әлі төрт әйел аламын. Текке жүргенше, одан да бала туып, қазақтың санын көбейтсін», — деп ағынан жарылды әнші.

«Әлі де ғашық боласыз ба?», — деген сұраққа, ол: «Әрине, кейде әдемі қыздарды ұнатып қалам. Бірақ барынша өз-өзімді ұстаймын. Сезімге ерік беруге болар еді, бірақ ондай арсыз қылықтан қорқамын. Өйткені біз пендеміз, жындардың сөзіне ілесіп кетпеуіміз керек», — деді ол.

Дереккөз: Nur.kz

Кілтсөздер
Show More

Ұқсас жарияланымдар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.

Back to top button
Close