Жаңалықтаржоғары

Сұлтанқызы: Бұл кітап әйелдің 123 сұрағына жауап береді

«Менің екінші кітабым»-нан кейінгі Сұлтанқызының екінші кітабы жарыққа шықты. Отандық шоу-бизнеске тікелей қатысы бар Ләйлә ханым оқырманына бұл жолы тың дүниені ұсынды. Бұл жолы «The кітапта» әйелдер мәселесі.

«Мен күніне 23:00-00:00 аралығында жоқ дегенде 10-15 xатты оқып, бағыты бойынша ұжым болып шешуге тырысамыз, болмай жатса көмегі тиеді-ау деген адамдарға жіберемін. Ал, қаншама қыз-келіншектерден өз басындағы жағдайды баяндаған хаттар көбеймесе азаяр емес.
Осы жаңа кітапбымда 123 әйелдің сұрағына арнайы мамандардың кеңесі, өмірде кездесетін оқиғалар мен сан қилы тағдырлар жазылды. Қолыңыздағы «Әйел» (кітап) жасырғанымызды бүкпесіз баяндайды…


Көп әйелдің көкейіндегі сан сауалға жауап табу мақсатында бұл кітапқа еліміздегі «ең» деген псиxолог, гинеколог, маммолог, сексолог мамандар жұмылдырылды. Көмек сұрай xат жазған 123 әйелдің басындағы жайт қоғамда кең етек алғандықтан, бірін аурудан айықтырып, екіншісін псиxологиялық қолдап, басқасын суицидтен сақтап қалсын деген ниетпен ұсынып отырмыз. «Ләйлә апай…» деп xатын бастайтын қаракөз қыздарымызға жеке-жеке жауап беру мүмкін болмаса да, үнсіз қалғым келмеді…» — дейді желідегі парақшасында.

«Тыйым салынған тақырыптар болғанда, қыз баласының өміріндегі, әйел деп алып отырмыз, қыз баласының өміріндегі кейбір мысалы, өтпелі кезеңдерде болатын проблемалар, бұл кітаптың шығуына түрткі болып отырған аналардың хаттары. Біз ойдан ештеңе құраған жоқпыз», – деп түсіндірді Сұлтанқызы.

Кілтсөздер
Show More

Ұқсас жарияланымдар

1 пікір

  1. Барлық көкейде мазалаған сауалдардың жауаптарын құран кəрімнен іздеген жөн!

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.

Back to top button
Close