ЖаңалықтарШоумен & ТұлғаӘнші

Қарақат Әбілдина: Мәжіліс — сахна емес!

ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, әнші Қарақат Әбілдина:

Мен Қарағанды облысы бойынша съезге қатысуға шақырту алып, келіп отырмын. Жалпы ниетіміз — Елбасыны, мемлекет саясатын қолдау. Тек ойлайтынымыз — еліміз бейбітшілікте, гүлдене берсін және Тәуелсіздігіміздің көк туы желбірей берсе дейміз.
Алдағы өтетін сайлаудан күтерім, депутаттыққа өтетін әрбір адам еліміздегі ел игілігі үшін атқарылар әрбір істе,  бағдарламаларды жүзеге асыру үшін өз саласының білікті маманы болса деймін. Аталған бағдарламалардың жүйелі түрде өзінің нәтижелі  жемісін беретініне сенемін.
— Сайланатын депутаттардың арасынан жастарды көбірек көргіңіз келе ме?
 — Ия, көбірек көргім келеді. Бірақ жастардың келуіне6 менімше, жеңіл-желпі қарамай, салмақты түрде қарау керек шығар? Себебі, ол бір рет шыға салып ән айтып кете беретін сахна емес. Ой елегінен өткізіп, салихалы, саналы  түрде қарап, аса мән берген дұрыс.
 Дереккөз: munara.kz
Show More

Ұқсас жарияланымдар

Back to top button
Close