Жаңалықтаржоғары

Салтанат Бақаева өзін тонап кеткен үй қызметкеріне кешірім берді

Танымал жұлдыздарымыз өнерімен қатар, үй шаруасына да үлгеріп жүреді. Оған әрине, үй көмекшілері жәрдем береді. Сахнада жүрген көбісінің үйінде көмекшілері бар екені жасырын емес. Мәселен, үш перзенті бар Сиви Махмудидің әр баласының жеке қараушысы, яғни бас-аяғы үш қызметкері бар. Танымал әнші, көп балалы ана Қарақаттың да шаруаға көмектесетін адамы бар. Сол секілді Салтанат Бақаева да бір адамның қызметіне жүгінеді екен. Өкініштісі сол, балаларын сеніп тасырған адам бір кездері Салтанатты тонап кеткен.

Бұл туралы 31 арнаның “Айта берсін” бағдарламасына берген сұхбатында айтты.

Бұл күндері Салтанат үй қызметшісін тек таныс арқылы алатын болған. Себебі:

“Көмекшіммен қағаз жүзінде ешқандай келісімшарт жоқ. Келген кезде құжаттарының көшірмесін түсіріп аламыз. Бірақ шын мәнінде ол көмектеспейді екен. Менің үйім бір рет тоналған болатын. Ол мүлдем көмектеспеді, тек ұялы телефоны арқылы таптық”, – деп бастады сөзін актриса.

Салтанат өзін алдап соққан қыздың үстінен шағым түсіріп, ақырында заттарын кері қайтарып алғанын айтады.

“Барлық заттарым табылды, Аллаға шүкір. Менің туған ағам Түрксіб ауданында жедел уәкіл болып жұмыс істейді. Ол көмекшім менің заттарымды ұрлап, оны Түркістан мен Сарыағаштың ломбардтарына тапсырған екен. Қайта құжаттары болды. Заң бойынша, ондай жағдайда сақшылар іссапармен арнайы барып, әкеліп береді екен. Сөйтіп өздері әкеліп, қолыма тапсырды”, – дейді Салтанат.

Бақаева бұрынғы қызметкеріне кешірім бергенін, алайда бәрібір де сот алдында жауап бергенін айтады.

“Ауыр жаза беріп, түрмеге отырғызбай-ақ қойыңыздар. Өздеріңіз біліңіздер енді деп айтқанмын. Бірақ біз кешіргенімізбен, бәрібір сот болды. Білуімше ол қызды жіберді. Бірақ соттың шешімі шыққанға дейін екі ай изоляторда отырды деп естідім”, – дейді Салтанат.

 

Кілтсөздер
Show More

Ұқсас жарияланымдар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.

Back to top button
Close