ЖаңалықтаржоғарыӘнші

Белгілі әнші Индира Расылхан өзінің өмірі туралы кино түсіріп жатыр

Танымал әнші, көп балалы ана —  Индира Расылхан өзге әріптестері секілді енді кино түсіруге көшті. Бұл туралы әнші Hit TV арнасына берген сұхбатында айтты.

Сценариі толықтай жазылып біткен кино жазда жарыққа шықпақ. Индираның айтуынша, кино толығымен оның жеке өміріне арналмақ.

«Киноның өзін қай жағынан шығарсам екен, қай жағынан көрсетсем екен деп ойлап жүрдім. Осы тұста қыздарымның бой жетіп қалғанын түсіндім. Бүкіл ой, идея, қандай болу керек дегеннің барлығын екі қызым айтып отырды. Олар сценариін жазып бітірді. Сол сценарий бойынша бұйырса жазда шығарамыз деген ойдамыз», — деді Индира Расылхан.

Кілтсөздер
Show More

Ұқсас жарияланымдар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.

Back to top button
Close