ЖаңалықтарСұхбаттарТелерадио

Наурыз Қайыпов — Клипмейкер: 60-қа жуық бейнебаян түсірдім.

b4NTPZiAfvk

Сұхбатымызды туған жеріңнен бастасақ…

«Қарақалпақстан» елінің «Нүкіс» қаласында дүниеге келгенмін.Мені өз елімде клипмейкер емес, әнші ретінде көбірек таниды.

Бейнебаян түсіруге қалай келдің? Ең алғашқы түсірген бейнебаяның есіңде ме?

Жаңа айтып өткендей мені елімде көбінесе әнші ретінде таниды, өз әндерімді орындап жүріп, өз әндеріме бейнебаян түсіруді бастаған болатынмын. Белгілі Қазақстандық клипмейкер Анвар Матжанов секілді бейнебаян түсіргім келген, сол жолға келе жатқандаймын. Ең алғашқы түсірген бейнебаяным 2010 жылы Парахат Шәріпов деген жігіттің бейнебаянын түсірген болатынмын.

Өзіңе ұнайтын және ұнамайтын бейнебаяның…

Өзімнің түсірген бейнебаяндарымның барлығы өзіме ұнайды. Бейнебаяндарымда кемшілік сын пікірлер айтылып жатады, сол сын пікірлерді өзіме тура қабылдап, келесі бейнебаяндарымда сол қателікті жібермеуге тырысамын. Менің түсірген бейнебаяндарым өте ерекше деп айта аламын, өйткені менің бейнебаяндарымда графика жағынан ерекшелеу болады.Баска клипмейкерлердің түсірген бейнебаяндарынан ерекше болғанын қалаймын.

Клипмейкер болғысы келетіндерге берер ақылың…

Ақыл беретіндей дәрежеге жеткен жоқпын деп санаймын. Үлкен ағаларымыздың әрдайым ақылдарын тыңдап, жақсы дәрежеге жетемін деген ойдамын.

Қанша бейнебаяе түсірдің? Қазақстанда қандай әншілердің бейнебаяндарын түсірдің?

Өзбектанда 50 ден астам бейнебаяндарды түсірдім. Ал Қазақстанда бейнебаяндарды түсіруді осы жылдан бастадым, Қазақстанда алғашқы бейнебаянымды Ақтау қаласында түсірген болатынмын. Индиго тобының қазіргі таңда хитке айналған «Тойла» әніне, Еркін Мәуленнің «Кінәлама қиялдасам», «Жанды дауыс» жобасының финалисі Дегдар Жолдасбайдың «Сұлуым» әндеріне бейнебаян түсірген болатынмын. Және де «Жүрегімді бір тыңдашы — 2» фильмінде операторлық жұмысты атқарған болатынмын.

Сұхбатыңызға рахмет!

Сұхбаттасқан Ғалымжан Сәңкібаев

Show More

Ұқсас жарияланымдар

Back to top button
Close