Жаңалықтаржоғары

Нұрлан Өнербаев неге көрінбей кетті?

Анашым, шалқып күлсең,

Алдымда ұзақ жүрсең,

Жүрегім жыр толғайды.

Көңілім ортаймайды.

Анасы бар адамдар,

Ешқашан қартаймайды. — «Анашым» деп жырлаған осы әнді білмейтін адам жоқ шығар, сірә. Ал бұл әнді халыққа танытқан орындаушысы қазір қайда? Иә, біздің портал Нұрлан Өнербаевқа іздеу салды.

Танымал әнші, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Нұрлан Өнербаев көгілдір экраннан неліктен көрінбей кеткенін Zhuldyz.tv арнасынына берген сұхбатында айта кетті. Әншінің айтуынша, ол түрлі жобалар мен шоуларға жиі шақырту алады. Алайда ондай шоулар менің ішкі жан дүниеммен ұштаспайды, дейді Өнербаевтың өзі. Тыңдарманын сағындырған әнші аймақтарды аралап жиі концерт беріп жүргенін, алайда отандық шоу-бағдарламаларға аса қызықпайтынын айтты.

Айта кетейік, бүгін әнші Оңтүстік астанада үлкен шығармашылық кешін беріп, өнерге жақын екі ұлын халықпен таныстырды. Екі ұлы да әкесінің жолын қуған секілді.

Кілтсөздер
Show More

Ұқсас жарияланымдар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.

Back to top button
Close