ЖаңалықтарМузыкаӘнші

«Үйдегілермен сөйлестім» Ғаділбек Жаңай отбасынан алыстап кеткенін айтты

Отандық шоу-бизнес жұлдызы жеке өміріндегі соңғы жаңалықтарымен бөлісті, деп хабарлайды Shownews.kz ақпараттық порталы

Ғаділбек Жанай дәл осы әнімен елге танылып, өз тыңдарманын тапқан болатын. Бүгінде азулы эстрада жұлдыздарының қатарына жайғасқан әртіске шәкірт боламын деушілер қарасы көбейген. Болашақ әріптестеріне жол нұсқауды ұйғарған өнер өкілі артынан ерген іні-қарындастарына кеңес берді.

“Егер де белгілі бір ұстаз табылмай жатса, мен сені шәкірт қыламын, артымнан еріп жүр дейтіндей, мен Абай атамның бір сөзін айтқым келіп отыр. «Өзіңе сен, өзіңді алып шығар, ақылың мен білімін екі жақтап!» дейді. Сондықтан осы екі сөзді жаттап алып, өмір бойы қағидаға ұстап жүруге болады. Өзіңе сенсең, өзіңді алып шығады шынымен де. Ақылың мен біліміңе сен. Көп жағдайда жан-жағымызға көп жалтақатап қалуымы мүмкін,содан сақтасын. Өзіңе сен, талант бар ма, қолыңнан келіп тұр ма, денсаулығың бар ғой, еңбек ет, талантыңды көрсет!”, -дейді Ғадібек Жаңай.

Жастардан ағалық ақылын аямаған Жаңай өзінің мектеп қабырғасындағы кумирін де еске алды. Осыдан 30 жыл бұрын бала Ғаділбекке Ақжол Мейірбеков бата берген көрінеді.

Республикалық жұлдыз Ақжол көкеміз келіп концерт беріп жатыр. Екі-үш ән айтып болды да: «Ой сендер қошемет жасап білмейді екенсіңдер, мен кеттім, ренжіп қалдым» деп әзілге айтып тұр екен ғой. Біздер «көке, көке, кетпеңіз, ойбай көке, Ақжол көке!» — деп жатырмыз. Сонымен: «қошемет жасайсыздар ма?» — деп қояды, «ойбай, иә, иә, көке, жасаймыз!». Қайтып келді, сөйтсек әзілдеп жатыр екен ғой. Сол кезде айтқан әңгімесі есімде: «Осы балалардың ішінде болашақ ғалымдар болуы мүмкін, спортшылар мен әншілер болуы мүмкін» деді. Мүмкін кім біледі, маған батасы дарыған да шығар деп ойлаймын”, – дейді әнші Ғаділбек.

Иә, репертуары лирикаға толы әнші карантин кезінде кеш беріп, тікелей эфирде қара терге түсті. Десе де тыңдарманың талабын таба білген әртіс бастысы, қиын-қыстау кезеңде халықтың қасынан табыла алғанына мәз.

Шабытты осындай кезде аласың ғой. Дәл қазір шабыт алып отырмын. Қазір көбісі ойлап отырған болар, терлеп деп, мен айтамын: ән айтсаң жаныңды жеп айтасың. Тер деген менен сұрамайды ғой. Шыққысы келсе шығады деп әзілдеймін ғой жаңағы. Сол сияқты шабытты, мен қазіргі жағдайда да шабыттанып отырмын. Неге? Себебі мен халықпен бірге екендігіме қуанып отырмын”, — дейді Ғаділбек Жаңай.

Сахна серісінің шығармашлықтағы демалысы отбасылық өміріне оң әсерін тигізіп жатқан да көрінеді. Себебі, Ғаділбек мырза бүгінде бар уақытын жақындарына арнаған.

“Сондықтан мен ойлаймын, бұл карантиннің жақсылығы, жаңағы бір әзіл болды ғой: «Үйде вай өшіп қалып еді, үйдегі адамдармен сөйлестім, былай қарасам жақсы адамдар екен» деген секілді. Жаңағы маған да солай көрініп жатыр, шынымды айтқанда. Жақында туған ағаммен сөйлесіп жатсам, ағам айтады:  «Ой, рахат болды ғой, сенімен сөйлесіп, кез-келген уақытта телефон шалып, сенімен сөйлесе алатындай жағдайға жеттік» — деді. Ағай-туыстармен, бауырларымызбен, жанұямызен жақын араласуымызға бір-бірімізді күнделікті өмірде, ақша деп, дүние деп, мансап деп, атақ деп бізді жақсы көретін адамдардан қатты алыстап кеткенімді мен өзім шын жүрегіммен айтайын, байқадым”, — дейді Ғаділбек Жаңай.

Кілтсөздер
Show More

Ұқсас жарияланымдар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.

Back to top button
Close