Жаңалықтаржоғары

Меруерт Түсіпбаева Баян Алагөзоваға неге ашулы?

Белгілі әнші Меруерт Түсіпбаева сынаса да, ренжіссе де тек шындығын және ойындағысын жеткізетін сирек әншілердің бірі. Осы қасиетінің арқасында жақталып та, датталып та жатады. Бұл жолы әнші белгілі продюсер Баян Алагөзоваға ашулы. Бұл ашуын ол желідегі парақшасы арқылы жеткізді деп хабарлайды Жұлдыздар Әлемі. 

Ол өзінің жеке парақшасында Ұлттық арнада көрсетілген «Қозы Көрпеш — Баян Сұлу» телехикаясына байланысты: «Ұлттық арнаның басшысының жауабы «Баян сулу «сериалы жайында….Сіздермен біздердің,яғни бюджеттен бөлінген, салықтан  жиналған қаржымызға түсірілген сериал жарамсыз деп табылды. Онда қаржы қайтарылсын! Қазақи ,ана тілімізді толық меңгерген продюссерге беріліп қайтадан түсірілсін, талап сол ғана» — дейді.

Онымен қоса, әнші президент Нұрсұлтан Әбішұлының сөзінен бұрын «Ұлттық арна эфирінде «Кешью» тобының мағынасыз әндері» қойылғанын жазды. Әншінің ойынша, елбасының сөзінен соң патриоттық әндер қойылуы тиіс.

«Елбасымыздың құттықтау сөзінен кейін мемлекетіміздің әнұраны керек-ақ. Қазаншының еркі бар -(Вы понимаете о чем я) десек те, президентіміздің құттықтау сөздерінің алдында (Ұлттық арна) «Кешью» тобының «неге?»деген сөзді 88 рет мән-мағынасыз қайталайтын әнінен «Алашұлы «сияқты топтың патриоттық әні сұранып тұр ау?!»- деп жазды ол желідегі парақшасында.

Меруерт Түсіпбаева, "Кешью" тобының қыздары. Коллаж: NUR.KZ

Кілтсөздер
Show More

Ұқсас жарияланымдар

4 пікір

  1. О баста осы сериалды түсіріп жатқанда-ақ ойлап едім, — Қалайша қазақ тілінде сөйлей алмайтын, тіпті сөйлеуді намыс көретін продюсер тарихи сериал түсірмек? Баяғы заманмен казіргі уақыттың тілінде, тіпті кейбір дастүрлеріндеде үлкен айырмашылық бар. Мұндай кино түсүру ұшін алдымен тарихты, тілді жетік менгеру керек. Кинодағы кейбір саттерде Баян ер-адамға деген, казіргі қоғамға деген өзінің көз-қарасын түсірген болып көрінеді. Енді мынадай сыннан кейін продюсер тағы мені көреалмайды, өздерінің қолынан келмеген соң мені бүйтті, сүйтті деп жауап қайтарады. Мен патриотпын дейді, алайда өз тілінде сөйлегісіде келмейді. Шын патриот болса сөйлесін қазақ тілінде, небір шетелдің азаматтары үйреніп алып қазақ тілін сайрап жүрғой. Солардан үлгі алсын.

  2. Аузы кисык болсада бай баласы сойлесиннин кери келип тургой. Биз не исти аламыз, колдан келер шара жок

  3. Осы Баян кашан куриды екен? Только за свой авторитет служит, а не для народа.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.

Back to top button
Close