Жаңалықтаржоғары

Айгүл Орынбек Дәурен Абаевқа: Сіз халықтың сөзін сөйлеудің орнына, үкіметтің қорғаушысы болып алғансыз ба?

Қоғам белсендісі Айгүл Орынбек ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаевты жерден алып, жерге салды.

Бұл туралы ол өзінің Instagram парақшасына жазды.

«Оу төртінші билік басшысы, сіз халықтың сөзін сөйлеудің орнына, үкіметтің қорғаушысы болып алғансыз ба?

Телеарналар толған жын ойнақ, бізде бәрі рухани жаңғырған, дамыған гүлденген Қазақстан жайлы бағдарламалар. 
Бес періштенің өліміне өзіңіз айтпақшы Сізде кінәлісіз! Себебі халықтың жан айқайын көрсетпейсіздер!
Халықтың әлеуметтік жағдайын айтып бағдарламаларға шықсақ, көрсетпей қоя саласыңдар! Сөйте отырып халықтың сөзін емес, министрдің сөзін сөйлегеніңізге жөн болсын!
Әй бірақ сіздердің деңгейлеріңіз белгілі болғаны баяғыда, «Қалалаулым » деген бағдарламаны экран бетіне шығарған күннен бастап.
Түріктің, үндінің сериалдарына кеткен миллиондаған қаражатқа ең болмаса 100 отбасыны үйлі қылуға болар еді…
Мадинадан мен көп үміт күттім. Гарвардта оқып келген ханым, өркениетті дамыған елдердің дамуын елге алып келетін шығар деп ойладым. Ал министр 16 мың теңге тым көп деп боздады! Сөйте отырып сіз оны халық алдында ақтап алмақшысыз ба? Әлде халықты одан сайын ашуландырып провакация жасап отырсыз ба? Халыққа айтар жылу сөздерің жоқ болса, халықтың ашуы басылғанша үндемеңдерші!
Сендеріңдің ақталып отырғандарың тым жиіркенішті!
Бәрің кетіңдер отставкіге», — деп жазды заңгер Айгүл Орынбек.

Загрузка…
Кілтсөздер
Show More

Ұқсас жарияланымдар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.

Back to top button
Close