ЖаңалықтарПродюсер

Баян Есентаева ресми түрде ажырасты

Танымал продюсер Баян Есентаева Бақытбек Есентаевпен ресми түрде ажырасты деп мәлімдеді Tengrinews.kz.

«2016 жылдың 22 тамызында Медеу ауданының соты Баян Есентаеваның арызын қанағаттандырды. Бақытбек Есентаев және Баян Есентаева ресми түрде ажырасты»,-деп мәлімдеді Алматы қалалық сотының баспасөз қызметі.

10 маусым күні продюсер пышақ жарақатымен ауруханаға түскен еді. Баян Есентаеваға бұрынғы күйеуі Бақытбек Есентаев күш қолданған болуы мүмкін. Бақытбек Есентаев тоғыз жылға бас бостандығынан айырылды. Бірақ, ол сотта өз айыбын мойындамады.

Бұған дейін Баян Есентаева алматылық кәсіпкер Тұрсынғали Алагөзовке тұрмысқа шығады деген ақпарат тараған еді.

Дереккөз: Baistars.kz

Кілтсөздер
Show More

Ұқсас жарияланымдар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.

Back to top button
Close