ЖаңалықтарКино & Театр
Ахан Сатаевтың «Анаға апарар жол» фильмінің трейлері шықты
Белгілі режиссер Ахан Сатаев өткен жылы «Анаға апарар жол» атты туындысын түсіріп, 1 наурыз алғыс айту күні Елбасының қатысуымен фильмінің тұсаукесері өткен болатын. «Анаға апарар жол» картинасы өмірде түрлі қиындықты басынан өткерген адам жайында. Негізгі оқиғалар қазақ халқы үшін қиын кезеңде — ұжымдастыру, жұт, соғыс жылдарында өткен жағдайларды суреттейді. Тарихи драма Қазақстанда, Беларусьте және Әзірбайжанда түсірілген. Жалпы, картина түсіріліміне 2 мыңнан астам адам қатысқан. Басты рөлдерде Алтынай Нөгербек, Әділ Ахметов, Еркебұлан Дайыров және Аружан Жазылбекова ойнайды.
https://youtu.be/BbrRjuTaCiE