Басты жаңалықтарЖаңалықтаржоғары

«Бала дауысы» ұлттық балалар ән байқауының жеңімпаздары анықталды

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті-Елбасының қоры, Қазақстан Республикасының Мәдениет және Спорт Министрлігінің қолдауымен Ә. Назарбаеваның «Жандану әлемі» Қоры байқаудың ұйымдастырушысы болып табылатын, биыл екінші рет өткізіліп отырған, үш күн бойы көрсетілген «Бала дауысы» байқауы өз мәресіне жетті.

Байқауда қандай қызықтар болды?
Біз жазамыз, ал сіз оқыңыз.
Қазақстанның түкпір, түкпірінен 18 бала қатысты;
Алғашқы күні балалар жұлдызды тәлімгерлерімен бірге ән шырқады;
Екінші күні қатысушылар дуэт болып өнер көрсетсе, үшінші күні кішкентай дарындылар әлемге әйгілі xит әндерді шырқады;
Байқаудың режиссері Ерболат Беделxан болса, ал байқаудың арнайы қонақтары аты шулы «Ninety one» тобы мен Жанар Дұғалова болды.
Концерт оңтүстік астанада, Алматы аренада өтті.
Байқау жоғары дәрежеде өтті.
Айтпақшы «Бала дауысы» байқауында Әлия Нұрсұлтанқызы Назарбаева мен Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек қатысты.

Бас жүлде — Шамбилова Назерке, Қызылорда
1 орын — Нұрлыбек Сапарбай, Алматы
2 орын — Михайлюк Анастасия, Павлодар облысы
3 орын —  Бекболатов Әлихан, Батыс Қазақстан облысы
«Көрермен көзайымы» номинациясы — Нұржанова Зарина, Шымкент
Байқаудың жеңімпазы Назерке Шамбилованы тағы да шын жүректен құттықтаймыз! Қызылорда жеңіс құтты болсын!

Show More

Ұқсас жарияланымдар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.

Back to top button
Close