ЖаңалықтаржоғарыҚара бет

Әуезов театрының директоры 1,5 млн теңге парамен ұсталды

Алматыдағы Әуезов театрының директоры, танымал актер Ерлан Біләл бір жарым миллион теңге пара алу үстінде ұсталды деп хабарлайды NUR.KZ порталы. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Жаңа жыл қарсаңында қомақты қаржыны жымқыру кезінде қолға түскен.

«Алматыдағы М.Әуезов театрының ішінде жеке меншік компанияның балаларға арналған Жаңа жылдық қойылымын өткізу үшін мекеме аумағын жалға беру үшін заңды тұлғадан пара алу кезінде ұсталды.

Директор толықтай кінәсын мойындағаны үшін қамауға алынбады. Қазір сот алды тергеу ісі жүргізілуде», — деп хабарлады жемқорлықпен күрес ұлттық бюросының арнайы өкілі Нұрлан Жахин

Ерлан Біләлдің пара алу кезіндегі жедел түсірілімі.
Ерлан Біләлдің пара алу кезіндегі жедел түсірілімі.

Ерлан Біләл Мұхтар Әуезов театрының басшысы болып 2015 жылдың 27 сәуірінде тағайындалған еді. Еңбек жолын театр сахнасынан бастаған өнер адамы «Құрмет» және «Намыс» ордендерінің иегері.

Кілтсөздер
Show More

Ұқсас жарияланымдар

4 пікір

  1. Позор!!! Жастарга кандай улги!!!!! Мен буны приличный адамнын бири деп ойлайтынмын окиништи

  2. Өкінішті. Осыларды да өнер адамы дейдау! Өнерін көрсетіп қалған екен ағамыз! басқа басқа дәл Ерлан Біләлдан қазақ елі мұндай сұмдықты күтпеген еді.

  3. Пазор неткен сумдык акшадан олген. Атын шыкпаса жер орте дейди гой. Атын шыгаргысы келген гой. Уят болды.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.

Back to top button
Close