Жаңалықтар

Бағым Мұхитденова Қайрат пен Димашты салыстырғандарға ашынды

Белгілі продюсер Бағым Мұхитденова Димаш Құдайберген мен Қайрат Нұртасты салыстырудың еш қисынға келмейтінін жеткізді. Бұл пікірін продюсер желідегі парақшасында ашып айтты деп хабарлайды Nur.kz

«Бізде мыңдаған Қайрат Нұртас не болмаса мыңдаған Димаш Құдайбергендер жоқ… Өте азбыз… Андреа Бочелли мен Майкл Джексонды салыстыруға келмейді. Себебі екеуі мүлде екі түрлі жанр! Қайрат та, Димаш та көп еңбектеніп, көп сүрінді. Бүгін олар үлкен табысқа жетіп отыр. Олар салыстыруға немесе айғай-шу үшін емес, өз табынушыларын қуанту үшін жұмыс жасады.

Өткенде Қайраттың продюсері сұхбат беріп, журналистерге Қайраттың Димаштай, ал Димаштың Қайраттай бола алмайтынын түсінікті етіп айтты  емес пе?! Не түсінбейтіні бар? Олар мүлде әр түрлі бағыттағы әншілер!», — деп ашынады жазбасында продюсер.

Еске салса кетсек, Қайрат Нұртас өзін өзге отандық әншілермен, әріптестерімен, Димашпен салыстыратын жандарға реншіні білдірген еді.  Ал әншінің анасы ұлын Төреғалимен, Димашпен салыстырып, қайсысы мықты екенін анықтағысы келтіндерге өз жауабын берген.

Ал күні кеше отандық телеарналардың біріне берген сұхбатында Бибігүл Төлегенова Димаш пен Қайраттың арасы жер мен көктей екенін айтқан.

Кілтсөздер
Show More

Ұқсас жарияланымдар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.

Back to top button
Close