жоғарыКлиптерСұхбаттарӘнші

«Алашұлы» тобының клипінде не сыр бар?

«Алашұлы» тобының жақында шыққан клипі әнсүйер қауымды біраз дүрліктіріп тастады. Клипте боянған қыз-жігіттер мен жауынгер бейнесінде келген жас жігіттердің тартысын көрсеткен еді. Тыңдармандар болса, бұл боянғандар «91» тобы, соларға қарсы шыққан клип деп қабылдап, «иглздер» әлеуметтік желіде біраз шу қылды.

Осыған орай, qamshy.kz сайты клип иелері мен «Ninety one» тобының продюсерінен пікір білдіруін сұраған екен. Назарларыңызға ұсынамыз.

 

«Алашұлы» тобының мүшелері:

«Жалпы бейнебаян жайында айтар болсақ, бұл клип – біздің азаматтық позициямыз, Қазақстан Республикасының азаматы ретінде болашаққа деген алаңдаушылығымыз, азаматтық көзқарасымыз. Көптен бері ойымызды мазалап жүрген сұрақтар. Осы тұрғыда өзіміздің азаматтық позициямызды білдіріп, осындай дүниені жасап шығарғымыз келді. Ал кез келген шығармашылық процесс сценарийден басталады. Клиптің режиссері – Анвар Маджанов және де Алмас деген жігіт, барлығымыз ойымызды ортаға салып, ақылдастық.

Қазақ елінің елдігін, ұлттық мүддесін құртатын мұндай дүниелер – елімізге сырттан еніп жатқан күш. Осы процесті қалай көрсетеміз деген сұрақ туындады бізде? Яғни, қалада, аулада қарапайым қазақтың қыз-жігіттері ойнап, көңіл көтеріп жатқан жерінен ерекше стильде киінген бір адам келіп, барлығын өзінің соңынан ертіп алып кетеді. Сол ерекше киімді адам арқылы біз сырттан келіп жатқан мәдениетті көрсеткіміз келді. Әлеуметтік желіде барлығы «қызыл киімді» адамды талқыға салып, әркімге теңеп жатыр. Алайда бұл адам белгілі бір топтың жетекшісін немесе продюсерін көрсетіп, мазақ қылу емес. Бұл – шығармашылық подход, аллегориялық кейіпкер деп атаса да болады. Клипте бізге қарсы к-поперлар, готтар, фрикилар секілді мәдениеттің адамдары болады. Елімізде қатты белең алып жатқан басқаша ұғымдағы мәдениеттер өте көп және де оларға қосылушы топтар да көбейіп келе жатыр.

Қазақ халқы – өте еліктеуші халықпыз. Иә, шеттен үйрену керек, заманның ағымымен бірге даму керек. Алайда біздің ұлтымыздың да өзге халықтардан артықшылығымыз өте көп. Қазақ ұлтының мәдениет, тектілік, қан тазалығы деген секілді нәрселерді шетелдіктер бізден үйренгісі келеді. Бірақ қолда барда алтынның қадірін білмей жататын тұстарымыз бар. Керісінше олардың мәдениетін өзіміздің елімізге алып келіп, қоғамды улап жатырмыз. Осы сынды бірқатар мәселелерге байланысты Алаштың ұлдары ретінде, өзіміздің алаңдаушылығымызды білдіріп, өзіндік көзқарасымызды білдірдік».

Ал Е. Беделхан:

«Мен бұған қатысты ешқандай да пікір білдірмеймін, бұл клипті көрген де жоқпын. Оларға ешнәрсе деп жауап бермеймін. Алашұлына тек бақыт тілеймін» — деп, басқа пікір білдіруден бас тартқан екен.

Назарларыңызға «Алашұлының» дауға ұласқан клипін ұсынамыз:

Кілтсөздер
Show More

Ұқсас жарияланымдар

6 пікір

  1. Алашұлы, этно стильдегі топ, солай бола тұра, көзге күйік болған Ninety one тобын тілге тиек ете отырып, өздері K-Pop жанрдағы хорсденс стильдегі биді билейді. Неге?! Егер олар этно стильде ән айтса, онда сол стильде биін де билесін!

    1. Толыктай келисемин! Арзан пиарлык кадам! Казр елдын назарын аударгын келсе 91 аузына алатын болыпты. Сендер солай коип тусирип би билеп алек болып жатканда 91 кино тусирип сериалга тусип бейнебаяндар тусирип оган коса альбом жазып улгерды. Олар ешкандай композитор акындар режиссерлердын комегыне жугынбейды, барлыгын оздеры истейды. Бундай талантты жигиттерды колдау керек!!! Алашулы клипте 5 болып биледы, Black Dial Moonlight казир барлыгы 5 еу болып жатр. Алашулы конилим калды сиздерден!!!

  2. Бірінші шыққан кезде алаш тобы бізге шамандар құсап елестеген Қатын құсап өріп қойған шаштары .Алаш деген атымыз бар екен деп біздің болашағымызға алаңдамай-ақ қойсын .Шаман болып келді ,əлі қазақилық бақамаймын .Бұларды оралман қазақтар дейді қытайдан келген .əлі бойларында қытайдың элементтері бар

  3. Жарайсыз Алашұлы тобы. Нағыз қазақ жігіттері жеп сіздерді айта аламын . Сіздердің әндеріңізді сүйіп тыңдаймын .

Добавить комментарий для Аноним Отменить ответ

Ваш e-mail не будет опубликован.

Back to top button
Close