ЖаңалықтарКино & Театр

Еркебұлан Дайыров «Балуан Шолақтың» рөлін сомдауы үшін біраз салмақ қосқан

Қазіргі кезде Алматы облысы, Кеген ауылында “Балуан Шолақ” толықметражды көркем фильмінің түсірілім жұмыстары жүріп жатыр. “Қазақфильм” АҚ баспасөз қызметінің хабарлауынша басты рөлге белгілі актер Еркебұлан Дайыров бекітілген.

Фильм режиссері Нұргелді Садығұловтың айтуынша, Балуан Шолақ тек балуан ғана емес, сонымен қатар керемет компазитор, шығармашыл тұлға. Сол себепті түсірілім тобы картинаны барынша лирика мен экшнді үйлестіруге тырысып жатыр.

Режиссер басты рөлге Еркебұлан Дайыровты бекіткен. Тарихтағы алып тұлғаны сомдап шығу үшін актерге біраз салмақ қосуға тура келіпті. Бұл жайында stan.kz мәлімдеді.

“Режиссердің мені таңдағаны үшін қуаныштымын. Бұл рөлді алып шығу физикалық және психологиялық тұрғыдан да оңай емес. Бірақ, мен өзіме сенемін”, – дейді ол.

Дереккөз: Baistars.kz

Кілтсөздер
Show More

Ұқсас жарияланымдар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.

Back to top button
Close