ЖаңалықтарСән

«Қазақ аруы-2016» байқауының жеңімпазы анықталды

Жаңа ғана «Қазақ аруы-2016» Ұлттық сұлулар байқауының жеңімпазы анықталды. Осыған дейін байқаудың Астана қаласындағы «Конгресс холл» сарайында өтетін хабарлаған болатынбыз.

Байқауға еліміздің түпкір-түпкірінен кастинг арқылы жиналған қыздар сұлулығымен қатар, өнері мен білімі арқылы сайысқа түсті.

Өзгелерден білімі мен сұлулығы артық екенін қазылар алқасына дәлелдеген атыраулық Альмира Ахатова «Қазақ аруы-2016» байқауының жеңімпазы болды.

Бірінші және екінші орынды ақмолалық арулар Сәбина Тенбай мен Аяулым Макумова бөліссе,  үшінші орынды қарағандылық сұлу Гүлімай Оразбек иеленді.

Байқауда сенатор Бірғаным Әйтімова, продюсер Баян Есентаева, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Майра Мұхаммедқызы, Астананың мәдениет басқармасының басшысы Болат Мажағұлов, «Хабар» телеарнасының бағдарламалар өндірісі дирекциясының бас продюсері Ринат Кертаев, «Қазақ аруы-2014»  жеңімпазы Гүлназ Жоланова, дизайнер Аида Қауменова, боксшы Данияр Елеусінов секілді танымал тұлғалар қазылық етті.

Кілтсөздер
Show More

Ұқсас жарияланымдар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.

Back to top button
Close