Әнші

Димаштың анасы: Вокалдан білімі жоқ адамның бізді сынағаны қорқынышты емес

Айтбаевтар ұлдарын сынайтын отандық танымал жұлдыздар туралы сөз қозғады деп хабарлайды Hola News ақпараттық порталы.

Әлем мойындаған Димаш Құдайбергеннің ата-анасы «Қарақатпен шай» бағдарламасында қонақ болып қайтты. Ата-анасы бүгінде дүние жүзі үшін «Ханзада Ди» атанған танымал қазақ баласы туралы ашып айтты.

«Егер ұлымның дауысына қатысты, дауыс мүмкіндігіне, диапазонына, дауыс аппаратына қатысты бір сауатты пікір айтатын адам болса сол жерде… Мысалы, вокалдық методиканың майын ішкен мұғалім болса немесе мықты әншілер Майра Мұхамедқызы, Бибігүл апамыз, Әлібек ағамыз секілді шеберлер Димаштың дауысына сын пікір айтса, онда біз байбалам салып қорыққан болар едік. Арғы жағында білімі жоқ адамның сынағаны біз үшін қорқынышты емес», — деді анасы.

Әкесі Димаштың өзіне айтылған сын-пікірлерді дұрыс қабылдай алатынын, тоқтамай еңбектенуге дайын екенін жеткізді. Сондай-ақ, Димаштың алға қойған жоспарларымен бөлісті.






Show More

Ұқсас жарияланымдар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.

Back to top button
Close