Жуырда «Бойдақ қыздар» туралы телехикая жарық көрмек

Жұлдызы Интернетте жанған әнші Луина және кезінде «Қарлығаш» әнімен көк жәшікті жаулаған «Дауыс International» тобының әншісі, актриса Рано Умарова жетекшілігімен көрермендер назарына жаңа телехикая тарту етіледі. Бұл хикаяның атауы — «Шоқ қыздар». Жо-жоқ, Бейбіт Қорғанның әніне еш қатысы жоқ. Жасалып жатқан жоба авторы да, продюсерлері де эстрадамыздың сылқым қыздары Луина мен Рано.

Screenshot_1

 

Хикая қазіргі таңда өзекті проблемаға арналмақшы. Яғни,оқиға желісі қыздардың отызды бағындырса да тұрмысқа неліктен, не себептен шыға алмай жүргендері туралы болмақ. Әрине, бұл хикаяны көргеннен кейін аталған проблеманың дұрыс шешімі табыла ма, жоқ па әзірше белгісіз.

Түсірілімге жеңдерін түре кірісіп кеткен шығармашылық топ хикаяның бірінші бөлімі 16 сериядан тұрады дейді. Және барлық оқиға бес қыздың төңірегінде өрбімекші.  Олар: Луина, Рано Умарова, Гулнар Сильбаева, Айнұр Ілиясова және киноиндустрияға алғаш қадам жасап отырған, осы топтаға бикештердің құрбысы Мадина Шыкылаева.

Хикая барысында ашық – шашық қатынастар мен сүйісу сценалары орын алады деп әбден уайымдаған көрермендерге жоба продюсері өзіміздің, яғни қазақи менталитетімізге қайшы келетін сценалардың болмайтынын алға тартып отыр. «Әрине, оқиға заманауи қыздар туралы, бірақ біздің кейіпкерлер шектен асатын ешбір қылық жасамайды» деп сендірді бізді олар.

Түсірілім барысы туралы білгісі келген кез-келген инста оқырманы үшін @shok_kyzdar парақшасына жазылып, түсірілім алаңында жасалған суреттермен танысуға, пікір алмасуға болады.

Хикая көрермен назарына отандық телеарналардың бірі (әзірше қандай телеарна екені белгісіз) арқылы ұсынылып, кейін Интернетке де жүктеледі екен. 

 

Show More

Ұқсас жарияланымдар

Back to top button
Close