Басты жаңалықтарЖаңалықтаржоғарыӘнші

Димаш финалда Майкл Джексонның әнін орындайды

Димаш Құдайберген «Singer 2017» ән байқауының шешуші бәсекесінде Майкл Джексонның әндерін орындайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат

Қытайдың Weibo әлеуметтік желісіндегі ақпараттарға сенсек, 12 сәуір күнгі дайындық барысында Димаш өзімен бірге ән шырқайтын қытайлық әріптесі Шаң Венжемен Майкл Джексонның «Dangerous» сияқты әлемдік хитке айналған бірнеше әндерін қоса шырқаған.

Айта кетейік, байқауды ұйымдастырып отырған Хунань телеарнасының бас ғимаратына әншілердің үлкен суреттері ілініп, ақтық бәсекеге қызу дайындық жүріп жатыр.

Еске сала кетейік, Димаш «Singer» байқауындағы ерекше талантымен көзге түсіп, Қытайда ерекше танымалдылыққа ие болды. Жас талант 23 наурыз күні Шаңхай қаласында 24-кезекті «China Top music Awards» шарасының «Азияның ең танымал әншісі» (Best Asia popularsinger) номинациясы бойынша, 9 сәуір күні Шэньчжэнь қаласында өткен «17th Top China Music Awards» шарасында «Халықаралық дәрежедегі танымал әнші» номинациясы бойынша марапатталды.

Бұл шарада Димаштың әріптесі және BGTalent (黑金经纪) продюсерлік компаниясының негізін қалаушы Шаң Венже «Жылдың ең үздік әйел әншісі» атанған болатын.

 

Кілтсөздер
Show More

Ұқсас жарияланымдар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.

Back to top button
Close