Жаңалықтар

Мәдениет министріне жала жапқан Еңлік Сыдықова өз сөзін жоққа шығарды

Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлын «жыныстық бопсалады» деп айыптаған Еңлік Сыдықова өз сөзін жоққа шығарып, видео жариялады деп хабарлайды Tengrinews.kz.

«Феникс» фильмінің режиссерлері өз кінәсін мойындағандықтан бұл істі әрі қарай жалғастыруға қажеттілік жоқ деп есептеймін»,-дейді Еңлік Сыдықова видеода.

Мен оны (Еңлік Сыдықованы) қолдаймын. Клиентімнің қалауы мен үшін заң. Егер ол қаламаса, министрдің тақырыбын талқылаудың қажеті жоқ. Режиссер өз кінәсін мойындағандықтан, мен қолдау білдіргендерден, бұл тақырыпты қозғауды қаламаған қарсыластардан бұл тақырыпты қайтадан талқыламауды сұраймын. Еңлік 24 жаста. Оның бар өмірі алда. Оның жеке, отбасылық өмірі жақсы болғанын қалаймын. Оған тек бақыт тілеймін. Ол маған мүддемді қорғаңыз деп келгенде бұл мәселемен бірінші кезекте ана ретінде, әйел ретінде қолға алған едім. Ана әрі әйел ретінде осы тақырыптың екі ай бойы Интернетте шу шығарғаны үшін кешірім сұраймын. Енді осы тақырыпты талқылауды қоюға уақыт келді (…)», — деген Еңлік Сыдықованың адвокатының видеода сөзі келтірілген. 

Бұған дейін Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының бұрынғы студенті Еңлік Сыдықова министрді бөтен оймен тиісті деп айыптаған болатын. Видеода қыз 2011 жылы Мұхамедиұлы ректор болғанда академияға ақшаға түсіріп беретінін айтты және екіұшты ұсыныстар айтты деп мәлімдейді. Сөйтіп, қыз «Феникс» фильмінің режиссеріне қолдау білдіретінін айтады. Ал Арыстанбек Мұхамедиұлы өз кезегінде бұл мәлімдеменің шындыққа жанаспайтынын мәлімдеген. Осыдан кейін БАҚ-тарда тағы бір қыздың министрі «тиісті» деп айыптағаны жайлы хабар тарады. Ал кейін ҚР мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы ар-намысы мен абыройын сотта қорғайтын болатыны хабарланды.

Кейін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы «Феникс» фильмінің түсірілімдеріне бөлінген қаражаттың жымқырылғанын анықтап, фильмнің продюсері, белгілі актер Тұңғышбай Жаманқұловты ұстады. Кейін ол өз кінәсін толықтай мойындап, жымқырылды делінген 79 миллион теңгенің 6 миллионын қайтарғаны белгілі болған еді.

Дереккөз: Baistars.kz

Кілтсөздер
Show More

Ұқсас жарияланымдар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.

Back to top button
Close