Жаңалықтаржоғары

Ернар Айдардың концертінің соңы айқай-шумен бітті

Ернар Айдардың 5 жылдық «Күнім сен сөнбеші» атты  есеп беру кешінде тыңдармандарын мерекелік кешке арналған тәттіге таластырып қойды деп хабарлайды Stan.kz. Әншінің командасы көрерменге 200 келі болатын  торт әзірлеп, зәулім сарайдың дәл ортасына қойған болатын.

Концерт соңында орын алған бұл оқиғаға Stan.kz тілшісі де куә болды.

Бастапқыда халыққа тосын сый жасау Ернардың продюсері әрі ағасы Талғат Айдар мен Бауыржан Есебаевтың идеясынан туындапты. Сазгердің сөзінше тәттіні тарату басқаша түрде жоспарланған екен. Алайда, мәдениеттен жұрдай болған жұрттың ерсі қылығы Есебаевты таң қалдырған.

«Біз кесіп барлығын дайындап қоямыз деп ойладық. Ыдыстардың да барлығын алып қойғанбыз. Шыққан адам қолына ұстап кететіндей қылып істейік деп айтқанмын.

Халық таласпаса да болады ғой енді. Осы да үйрететін нәрсе ме енді. Мен ойлағанмын мәдениетті түрде, сауатты түрде болады деп. Бұлай болады деп кім ойлаған? Халықтың бұл қылығы үшін кешірім сұраймын бәріңізден», – дейді сазгер Бауыржан Есебаев.

Тортты талан-таражға салған халықтың бұл қылығын Ернардың өзі көрген жоқ. Өйткені, өнер иесі дәл осы уақытта сахна сыртында болған. Десекте, әншінің тыңдармандарға әзірлеген тосын сыйына қатысты пікірін білген едік.

«Байқайсыздар ма билеттің өзін «шақыру билеті» сияқты қылып шығарған.

Сондықтан сенің тойың ғой, халыққа тосын сый жасайық деді. Шыныменде бұл менің тойым ғой енді бір жағынан. «Тойдан тобықтай болсын» деген ниетпен көлемді тәтті тортты дайындапты.

Оны да жасау қиын екен. Бірақ, тыңдармандарым бұдан да үлкен құрметке лайық. Дәм татып кеткен халқыма рахметімді айтамын», – дейді Ернар Айдар.

Ал, тосыннан тәттіге тап болған тыңдармандардың қуанышында шек жоқ. Олар бұрын-соңды мұндай кештің болмағанын айтып, таңдай кақты.

Кілтсөздер
Show More

Ұқсас жарияланымдар

2 пікір

    1. Иа казактын тойы осы у-шумен кызык.Жаксы есте калардай.Рахмет Ернарга.Таласып тармасып тойда жугысты болсын деген да халык.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.

Back to top button
Close