ЖаңалықтарӘнші

Қайрат Нұртас түрік тілінде әнбаян түсірмек

Танымал әнші, хитмэн Қайрат Нұртас Түркия еліне аттанып, сол елде өзінің жеке ән кешін беруді жоспарлау үстінде. Бұл туралы 24.kz хабарлайды.

Ол түрік халқына арнап Құрмаш Махановтың «Аңсарым» әнін орындамақ. Қайрат Нұртас «Гәкку» арнасына берген сұхбатында аталған әнді түрік тілінде орындайтығын әрі бейнебаян түсіретіндігін айтты. Ал бейнебаян сюжетін құпия сақтауды жөн санаған екен.

Ал түсірілімдер жақын арада басталуы тиіс екен.  «Құдай қаласа, шет мемлекетке, Түркияға сапарға шығамын. Сонда өз өнерімді көрсетемін, паш етемін деген ойым бар. Әнші Құрмаш Маханов ағамыздың «Аңсарым» атты әнін түрікшеге аударып, орындап шығамын, және түрікше бейнебаян түсірмекшімін. Бейнебаянның сюжеті дайын, оны айтуға болмайды. Құпия», – дейді әнші өзінің сұхбатында.

Кілтсөздер
Show More

Ұқсас жарияланымдар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.

Back to top button
Close