Сара Амангелдінің анасы Баянмен достық қарым қатынасын неге үзді?
Қазақ сериалдарының көшін бастап, трендке айналған «Келінжан» кинокартинасының продюсері Гүлнұр Мамасарипова өзі жайлы шындықты айтты.
Гакку телеарнасына берген сұхбатында продюсер Баян Мақсатқызымен достық қарым қатынасының үзілгенін мойындап өкінішін білдірді. «Егер адамдарды «жақсы-жаман» деп бөлетін болсақ, Баян жаман адам бола алмайды, ол жақсы адам» деп ағынан жарылған Мамасарипова біраз шындықтың бетін ашты. » Баянға қатысты жақсы нәрсе істемегенімді түсіндім» деген продюссер арадағы достық жоғалғанын мойындап отыр. Сонымен қатар, жұртшылық талқысына түскен туындысы туралы да пікір білдірді. Атап айтсақ, «Махаббат кафесі» фильімінде Ерке Есмахан рөлді түсіне алмағанын, сезім жетіспегенін де жасырмады. «Шыны керек» бағдарламасының түсірілімінде шынайы сұхбат берген Гүлнұр Мамасарипова көзіне жас алды.